1. Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз. Сен бір артық көркемсің.
А) сен Ә) бір Б)артық В) жоқ Г)көркемсің
2. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Алатаудың көркің айтсаңшы, шіркін! Ә)Ауылға ақындар келді.
Б) Мен шебер болар ма екенмін? С) Мәселе шешілді.
Г) Осы жағдай сенің есіңде болсын.
3. Лепті сөйлемді анықтаңыз.
А)Па! Шіркіннің сөзі! Ә) Мынау қоян жепті ғой.
Б)Не күдігіңіз бар? В)Қандай айғақ таптыңыз? Г) ертең қызық болады.
4. Есімді сөз тіркесін табыңыз.
А)біліміне таңғалады Ә)кеше келді Б)көп ойланды
В) әнді тыңдады Г(бесінші сынып
5. Айтылу түрлеріне қарай сөйлемнің нешеге бөлінетінін анықтаңыз
А) 3 Ә) 5 Б) 4 В)2 Г) 6
6. Жақсыз сөйлемді табыңыз
А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық Ә) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
Б) Бұл жерде суға түсуге болмайды. В) Күн шықты
7. Жайылма сөйлемді табыңыз.
А)Уақыт жоқ. Ә)Сабақ басталды. Б)Денсаулық крек.
В)Мен мектепке тез жиналдым.
8.Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Бірлік түбі –тірлік. Ә)Сиырдың сүті –тілінде.
Б)Әділдікке жығылмайтын кісі жоқ. В)Күш –білімде.
9.Жақты сөйлемді табыңыз
А) Менің ұйқым келді. Ә) Оның қалаға барғысы келді.
Б) Ғылым таппай мақтанба. В)Бізге уақытты ұту керек.
10. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра. Ә) Көктем келді.
Б) Арайланып таң атты. В) Абайдың да шек-шілесі қатып күлді.
11. Жалаң сөйлемді табыңыз.
А) Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра. Ә) Көктем келді.
Б) Арайланып таң атты. В) Абайдың да шек-шілесі қатып күлді.
12.Болымды сөйлемді табыңыз.
А) Менің ұйқым келді. Ә) Оның қалаға барғысы келмеді.
Б) Ғылым таппай мақтанба. В) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
13. Болымсыз сөйлемді табыңыз.
А) Менің ұйқым келді. Ә) Оның қалаға барғысы келді.
Б) Ғылым таппай мақтанба. В)Бізге уақытты ұту керек.
14. Есімді сөйлемді табыңыз.
А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық Ә) Марат –озат оқушы.
Б) Бұл жерде суға түсуге болмайды. В) Күн шықты.
15.Етістікті сөйлемді табыңыз.
А) Бірлік түбі –тірлік. Ә)Сиырдың сүті –тілінде.
Б) Кәсіпкерлік жылдам дамыды. В)Күш –білімде.
Анаға хат.
Сәлем менің сүйікті анашым.Сіздің жылы мейірімге толы жүзіңіз,аялы алақаныңыз,қоңыр әдемі даусыңыз,ұзын қара бұрымыңыз мен үшін әлемнің жарығы.Сіз мына дүниеде маған жарық беріп жол сілтейтін жарық әлемімсіз,түнде жарық жұлдызымсыз анашым.Сіздің:Айналайын ұлым,оқуыңды жақсы оқы,ертең жоғарғы оқуға түсесің,мықты білімді азамат боласың,-деген сөзіңіз маған қуат береді.Өзім үшін әрі сізді ренжітпеу үшінде сабақтарыма мұқият қарап,жақсы бағалар алуға тырысып жүрмін.Бірде демалыста кішкене ініме қарауды тапсырып,дүкенге кеткен кезіңізде мен шамалы оғаш қылық жасадым.Ойыншықпен ойнап отырған ініме қарамай телефонның ойынына кіріп кеттіппін.Ол орындықтан құлап маңдайын жаралап алды.Сіз келгесін інімді көріп,маған ұрыстыңыз.Мен сізді ренжітіп алғаныма қатты өкіндім.Сіз інімнің маңдайын таңып жатқанда барып кешірім сұрадым.Сіз:Ұлым өзіңе айтылған нәрсені мұқият орында,міндетіңе алдыңба соны орындауға тырыс,-деп,басымнан сипадыңыз.Өзім ініме қарамай,ойнап кеткеніме қатты ұялдым.Анамның ақылынан кейін өз істеріме байыппен қарайтын болдым.Анам кей істерімді қолдап,кей істерімді жасауға болмайтынын айтып,түсіндіріп отырады.Анашымда менің жақсы адам болғанымды қалайтынын білемін.Сол үшінде сабағымды жақсы оқып,тентектігімді жеңіп,тәртіпті болуға тырысып жүрмін.Қазірде сабағымды жақсы оқимын.Музыка мектебінде гитара классында оқып жүрмін.Спорттада жетістіктерім жетеді,дзюдо секциясына қатысамын.Міне көктемде келді.Әкеммен бақшада жеміс ағаштарын отырғызамыз.Ақылшы қамқор анама,асқар таудай әкеме,маған осы бақытты өмірді сыйлағаны үшін алғысым шексіз.Өмірлеріңіз ұзақ болсын анашым,әкешім,сіздер барда мен бақыттымын.
Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.
Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн