1) «Сүйінбай ақынның айтыскерлік қабілетінің сыры неде? 2) Бұл айтыс тарихта қандай ерекшелігімен құнды? 3) Сүйінбай ақынныңҚатағанды жеңуіне қандай себептерді айта алар едің? 4) Сүйінбай- достық дәнекері дегенді қалай түсінесіңдер? 5)Екі ел арасындағы достық дәнекерді қалай түсіндірер едің? 6) Қатаған кім еді?
Жылқылар топтасып, жүйткіп, кісініп ойнақтаса, шапқыласа, кешікпей күн суытып, ызғар соғып, боранды жауын қарлы борасын болады деп біледі. Жылқылардың жүні үрпиіп, жайылуға зауқы жоқ болса, онда біраздан кейін күн суытып ауа райы бұзылады. Ат әлсін – әлсін пысқырса, жазда жел күшейіп жауын жауардың, ал қыста қар жауып, қарлы борасын болады. Жылқы ыққа жайылса, жел, жауын, қарлы борасындар, ызғар суық жел болады. Айғыр үйірін, мойынын жерге сала, жиса ауа райы кешікпей бұзылады. Жылқы малы қыста, көктемде жайылғанда, қай жаққа қарап жайыла берсе, жайлы жылы күндер болады, ал желге қарсы жайылса, жайсыз күндер болатының белгісі. Бие кенет суалса, кешікпей жауын жауатын болады.
Ақшақар.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.