1 s-rапсырма. Жанбай Өзденбаевтың «Дос» өлеңін оқып, дос, достық туралы ойларыңмен бөлісіңдер. Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы достық карым-катынастар туралы айтыңдар. Сыныптастарыңның арасында сауалнама жургізіңдер. Сауалнама нәтижесі бойынша қорытынды шығарыңдар. 83
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
Объяснение: