В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
20071218hi
20071218hi
06.05.2020 02:04 •  Қазақ тiлi

1. Ңәріпін жазу ережелері .2. Сөздерді тасымалдау ережелері.
3 Орфоэпия ережелеріне қатысты 5 мысал
.4Туған жур туралы 3 мақал-мәтелдер.

Показать ответ
Ответ:
maksikus1
maksikus1
13.01.2020 04:24

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс - тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір оқушының іс - әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер баршылық.

Сондықтан да мұғалімнің басты мақсаты - оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс - тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ құрылымын жоспарлауды, оқып үйренген әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетеді. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетініне берері көп екенін байқадым. Жаңартылған оқу бағдарламасында алған теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру – менің міндетім. Жалпы алғанда, білім саласындағы бұл жаңашылдық – әлем дамуының бірден - бір сатысы деп білемін. Осы тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Жаңартылған білім беру бағдарламасының нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен тіл табыса алатын оқушылар болады деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, ұстаз тарапынан бұл бағдарламаның жаңашылдығымен бірге әр ұстаздың бойында шығармашылыққа толы, заманауи технологияны саналы түрде оқып - білуде, көп жаңалықты үзбей кәсіби шеберлікте жиі пайдаланамын. Білімнің шексіз жаңалықтарын орынды, тиімді іске асыру жолдарын тиянақты орындауға болады. Біз бүгінгі міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз. Шәкірттің білімді болуы - ұстаз қолында». ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Объяснение:

берите если нужно поставьте ❤ если не сложно

0,0(0 оценок)
Ответ:
МашуняДижур
МашуняДижур
01.06.2021 20:48

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алысымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа өзін танытуға белсене кірісті. Осы мақсатта еліміз халықаралық беделді ұйымдардың жұмысына араласа бастады.

ҚР Президенті Н.Назарбаев түрлі ха­­лықаралық ұйымдар мінберлерін Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы сая­сатын, реформаларға негізделген ішкі саясатын насихаттау, таныстыру жолында пайдаланды. Қазақстанның халықаралық беделінің өсуіне оның әлемдегі 4 орын алатын ядролық қуатттан өз еркімен бас тартуы ықпал етті. Өзін ядролық қарусыз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан 1992 жылдың 22 мамырында Лиссабон шартына қол қойды. Елдің бейбітшілікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға бағытталған қадамдарын әлемдік басым державалар қызу қолдады. Пацифистік идео­логияны ұстанған Қазақстан өз жерінде Кеңес Одағынан мұра болып қалған жаппай қыру қаруларынан 90 жылдардың ортасына дейін толық құтылды.

Әлем халықтары Қазақстанның бей­бітсүйгіш саясатының куәсі болды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Қазақстан жаһандық тұрақсыздық заманында өр­кениетті адамзаттың мүдделерін, мақсат­тарын үйлестіретін ең беделді халықаралық ұйымның 168-ші мүшесі болды.

Қазақстан БҰҰ мүшелігіне Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Молдова, Әзербайжан, Армения сияқты бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан мемлекеттермен қоса Сан-Марино Респуб­ликасымен бірге кірді. Осы толығудан кейін БҰҰ мүшелерінің саны 168-ден 176 мемлекетке дейін өсті. БҰҰ Бас Ассамблея­сы өзінің 46 сессиясында күн тәртібіндегі 20-пунктті қарап, аталған тоғыз мемлекетті өзіне мүше ретінде таныды. БҰҰ Бас Хатшысы шешім қабылдағаннан соң Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеруді сұраймын деген сөзінен кейін Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туы БҰҰ ғимаратында желбіреді.

1992 жылдың 15 сәуірінде ҚР Прези­денті Жар­лығымен ҚР БҰҰ жанындағы бірінші тұрақты өкілі болып қазақтың көрнекті дипломат қызы Ақмарал Хайдарқызы Арыс­тан­­бекова тағайындалды. 1992 жылдың 5 мау­сымында ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі өзінің толыққанды қызметін бас­тап кетті. Осы жылдың 5 қазанында БҰҰ мінберінен ҚР Президенті тұңғыш рет сөз сөйледі. Қазақстан адамзаттың тағдырының ортақтастығын ұғынатын, демократия принциптерін ұстанатын мемлекеттер қатарына қосыламын деп жариялады. Ел өзі басшылыққа алатын Конституциясын, заңдары мен нормативтік актілерін түгелдей халықаралық құқық нормалары мен әлемдік гуманистік принциптер талаптарына сәйкестендіруге бетбұрыс жасады.

Қазақстан шым-шытырық әлемдік күрестер, бәсекелестіктер, қауіп-қатерлер мен қайшылықтар аренасына енді. Еліміз осындай түрлі басымдықтарға тез икемделуге мүмкіндік беретін, өзінің геосаяси, геоэкономикалық мүдделеріне жұмыс істейтін конвекторлы сыртқы саясат тұғырнамасын таңдады.

Қазақстанның БҰҰ мүшелігіне енуі ел халқының әлемдік демократиялық үрдістерді түсінуіне және олардың қызу жақтаушыларына айналуына көмектесті.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота