1.Парсылардың патшасы кім болған? 2.Массагеттердің патшайымы (ханшайымы) кім болған? 3.Оның балалық шағы қалай өтті? 4.Ол қандай ортада тәрбие алды? 5.Тұмар патшайым бес,алты жасында неге үйренді? 6.Тұмар патшайымның аты не үшін тарихта қалған?
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Адамдар түрлі спорт түрлерімен әр түрлі мақсатта айналысады: біреулері денсаулығын нығайту үшін, енді кейбіреулері өзін – өзі дамыту үшін, ал басқалары моральді қанағаттану үшін. Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпайық. Ал сіз қай спорт түрімен шұғылданасыз?
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Спорт туралы.