В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
marinafrolkovap09wnn
marinafrolkovap09wnn
10.06.2021 14:33 •  Қазақ тiлi

1.Ондағы өмірдің мәні мен мағынасы ашылған түйінді сөздер мен сөз қолданыстарын дәптерлеріңізге теріп жазыңыздар.  Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақкөңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарына да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер  ашып тастайды. Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып: – Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің артымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де жүз-жүз тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарың менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы. Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де ақшасын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы: – Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Екінші баласы: – Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Үшінші ұлы: – Тиынды ұсақтап, елу тиынын мешітке бердім, жиырма тиынын қайырымдылық қорға бердім, жиырма тиынын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған он тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. Әкесі үшінші баласына риза болып: – Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату, – деді. («Өмір сүрудің ең жақсы жолы». Өсиет әңгіме​

Показать ответ
Ответ:
anastasy7
anastasy7
10.02.2023 00:32
 

Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.

Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.

Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
окей126
окей126
10.02.2023 00:32

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота