1. Негізгі ақпарат және қосымша ақпарат табыңдар. Бала күнде естіген бір әңгіме естен
кетпейді,
Бір шопаннын, қорасы маңына қас-
қырлар бөлтірік өргізеді. Қой қайырған
шопанның бұларға, қасқырдын,
зияны жоқ, бейбіт қатар өмір сүріп
жатады. «Бөлтірігін алайық!» деп
ауыл жігіттері жұлқынғанымен, шопан
оларды маңайлатпайды. Дүниеде бөл-
тірігін алдырған қасқырдан ашулы аң
жоқ, ертең-ақ қойын кырып кетуі мүм-
кін. Бөлтіріктердің атасы мен енесі көр-
шісінің отарына өзге тұқымдастарын
жакындатпай, сырттай қорғаштап
жүреді.
Осы кезде мынадай оқиға болады: ін аузына шығып, күншуақта
ойнайтын
бөлтіріктер бір ақ қозыны абайсызда өлтіріп алады. Оны шопан да көреді. Ерте"
нінде «енді қайтер екен?» деп бақыласа, отарында мойнында жібі бар бөтен бір
ақ қозы пайда болады.
Қызықты қараңыз, бөлтірігінің қылығына «ұялған» қасқырлар сол түні
көрші ауылдың, қотанына түсіп, әлгі ақ қозыны ұрлап алып келген екен.
(М.Шаханов)