1) Майқы би мен Шыңғыс ханның арасындағы әңгіме не туралы болды? 2) Аталған сөз шешендіктің қай түріне жатады деп ойлайсындар?
3) "Бірі "менің жасым үлкен" десе, келесі "жол менікі" деп таласады" деген үзіндідегі менікі дегенді қалай түсінесіңдер? Олар қандай жолды айтып отыр?
Дыбыстық талдау.
Дыбыстық (фонетикалық талдау) - сөздерді дыбыс, буын түрлеріне қарай талдау.
1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;
е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;
ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;
и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).
2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
б – ұяң дауыссыз;
в - ұяң дауыссыз;
ғ - ұяң дауыссыз;
д - ұяң дауыссыз;
ж - ұяң дауыссыз;
з - ұяң дауыссыз;
й – үнді дауыссыз;
к – қатаң дауыссыз;
л – үнді дауыссыз;
м - үнді дауыссыз;
н - үнді дауыссыз;
ң - үнді дауыссыз;
п - қатаң дауыссыз;
р - үнді дауыссыз;
с - қатаң дауыссыз;
т - қатаң дауыссыз;
у - үнді дауыссыз;
ф - қатаң дауыссыз;
х - қатаң дауыссыз;
ц - қатаң дауыссыз;
ш - қатаң дауыссыз;
щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)
Мысалы, "шығарма" сөзіне фонетикалық талдау жасап көрейік:
Ең алдымен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:
шығарма: шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын.
ш – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ғ – ұяң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
р – үнді дауыссыз;
м – үнді дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
7 әріп, 7 дыбыс бар.
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.