В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
слар
слар
25.12.2021 07:53 •  Қазақ тiлi

1)Матаса байланысқан сөз тіркесін тауып жазу. 2)Қабыса байланысқан сөз тіркесін тауып жазу. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы ірі мемлекеттердің бірі. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар. Қазақстан жері – кең-байтақ. Шекараның ұзындығы 14,6 мың шақырымға жуық. Шекарамыз солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен жəне батысында Каспий теңізімен шектеседі. Шекарамыз Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар бар.
Республиканың əр аймағы бір-бірімен табиғат жəне экономикалық жағдайларына байланысты ерекшеленеді. Егер республикамыздың бір жерінде металл өндіру, машина жасау, химия өнеркəсібі болса, екінші жерінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай, темір, алтын, мыс мол.
«Жері байдың-елі бай» дейді қазақ халқы.

Показать ответ
Ответ:
Georgiy111111
Georgiy111111
24.04.2022 22:54
Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігеріНиколай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.Құнарлы тағамдарВитамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда ағзада витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]
0,0(0 оценок)
Ответ:
max20170102
max20170102
28.03.2021 04:35

Көкөністер туралы диалог құрастыру.

Айжан: Жаным, неге тамақты шұқып жеп отырсың?

Саяжан: Әпке, сәбіз бен пиязды (жуаны) жегім келмейді. СОларды алып тастап отырмын.

Айжан: Неге?

Саяжан: Дәмі ұнамайды. Жемеймін.

Айжан: Жаным – ау, нағыз дәрумендер осы көкөністердің құрамында екенін білмейсің бе?

Саяжан: Қандай дәрумендер?

Айжан: Мысалға, Сәбіз - адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай өсімдік. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, С, В, D, Е дәрумендеріне және микроэлементтерге өте бай. Сәбіздің құрамында: калий, кальций, марганец, темір, фосфор, магний бар. Әсіресе, сәбіз шырынының құрамында дәрумендер жақсы сақталады. Сәбізді емдік мақсатта шикілей немесе шырынын пайдаланады. Сәбіз ағзаға барлық жағынан пайдалы.

Саяжан: Мен бұл жайлы бұрын естімеппін.

Айжан: Енді біліп жүретін боласың. Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.

Саяжан: Жақсы, әпке. Енді жеп көрейін. Дәрумен ағзаға пайдалы ғой. Кеңесіңіге көп рахмет.

Айжан: Оқасы жоқ, жаным. Міндетті түрде көкөністерді жейтін бол.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота