1) Мәтінге тақырып (ат) қой:
2) Мәтіндегі кейіпкерлерді жаз:
3) Мәтіннен Арманның мінез -құлқын сипаттайтын сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз.
4) ІІ абзацтағы «әндетіп» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?
5) Арманның көршісі неліктен таңданды?
6) Арман Нави тілінде сөйлеуді қайдан үйренді деп ойлайсың?
7) Мәтіннің мазмұны бойынша түсіндіруге немесе бағалауға бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.
Сұрақ:
Жауап:
[8]
Жазылым
2-тапсырма
Оқылымға (""Аватардың" тілін білетін Арман" мәтіні) берілген мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтап, әр бөлікке сәйкес жоспар құрап жаз
Мәтіннің құрылымдық бөліктері Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
[3]
3-тапсырма
Жоғарыда оқыған мәтінге жаңа кейіпкерлер немесе оқиғалар қосып, мәтінді аяқтап (жалғастырып)жаз.
[4]
Жеңге
Жеңге деген – ол менің ағамның сүйген жары. «Жақсы жеңгең - жарты анаң» дегендей, менің жеңгем өте асыл жан. Біздің үйге келін болып түскелі екеуміз апалы - сіңілі адамдардай болып кеттік, менің бүкіл сырларымды білетін, маған үнемі ақылын айтып, білмейтінімді үйрететін – осы жеңгем. Жақсы жеңге ғана болып қоймай, қайынжұртына инабатты келін, балаларына сүйікті ана.
Қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тәлім – тәрбиесінде жеңгенін орны ерекше. Қашанда өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдеріне әзілі мен қалжыңы араласа жүретін сыйлы, әрі сүйкімді адам болған. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атймын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.