1. Мәтіндегі мәселе бойынша ғалымдардың мақсаты қандай болуы мүмкін? A. баламалы энергияны күнделікті өмірге енгізу
B. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату
C. қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салу
D. балама энергияны зерттеуге грант жариялау
2. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
A. «Қазақстан – 2050» стратегиясында өндіру мақсаты қойылады.
B. Жер қойнауымыз бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз.
C. Профессор ғылыми-зерттеу грантын жеңіп, нәтижесінде іске қосты
3. Сіздің ойыңызша, Стратегияда көрсетілген мақсат 2050 жылға қарай толық жүзеге асады ма? Неге?
Оқылым
А мәтіні – халық жазушысы Ә. Кекілбаевтың Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына байланысты салтанаттағы сөзі;
Ә мәтіні – Қожахметтің «Алаштың асылдары» өлеңінен үзінді. А мәтіні
Ұстаз ұлағаты
Қадірлі қауым!
...Бір таңданатынымыз: Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, бұрынғыдай атқа мініп, зеңбірекке қарсы шапқаннан пайда жоғын түсінген тұлғалардың бірі болған. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.
Бәлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану болып көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Иасауи, Қорқыт, Асан қайғы, Ыбырай, Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер.
Ол рас. Бірақ Ахмет Байтұрсынұлы оларға ұқсайды да, ұқсамайды да. Ұқсайтыны: ол да аталмыш алыптар сияқты халқына адастырмас жол іздеді.
Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынұлы ондай жол Қорқыт пен Асан қайғыдай жаңа қоныс іздеумен табылады деп түсінбеді...
Ә мәтіні
Алаштың асылдары
Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр, бақыт.
Күресті атсын деп
Елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды,
Асылдай ұлдары!
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы.
Сын жерде елінің намысын сатпады.
Бақытқа жетсін деп
Келешек ғасырлар,
Елінің ертеңін
Ойлады асылдар.
Еске алса ұрпағы,
Кеудеге өрт толды.
Алаштың ұлдары
Ақ жолда мерт болды.
4.Берілген кестені толтырыңыз.
А мәтіні
Ә мәтіні
Стилі, себебі ...
Жанры, себебі ...
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Жазылым
Берілген 4 сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін (✔) қойыңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. 29
1
2
3
4
1. ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі
2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2. Биотехнологиялық жаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.
3. Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4. Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.
Қазақстанның астанасы бұл Ңұр-Сұлтан(Астана) болып саналады. Астана өте әдемі және жаңа қала. Астанада көп биік ғимараттар мен көпдеген қызық жерлер өте көп. Мысалы Хан шатыр. Хан шатырдың үстінде үлкен бассейнмен құм бар бұл қыстада бассейнге түсуге болады. Астананын дәл ортасында әлемге әйгілі Бәйтерек бар. Бәйтепектің ұзындығы 93 метр. Ең үстінгі қабатында Тұнғыш президенттіміздің яғни Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының қолы бар оған өз қолынды қойып тілек айтсан ол орындалады деп жатады және Нұр-Сұлтанда 2017 жылда ЭКСПО 2017 болды. ЭКСПО-ға мыңдаған елден мыңдаған адам келген. Олар: Россия,Үндістан және т.б еодерден келген. Бұл жарты монументтердін бірі.
ответ:Менің ойымша адам өзіне осы сұрақтарды қоюы керек:Маған не керек?Мен кәзір не істеп жүрмін?Бұл істеп жүргенім қаншалықты дұрыс?Өз-өзімді қолға алып,жақсылыққа ұмтылуым қажет.Өзіме керекті заттармен ғана айналысқаным дұрыс болар.Кәзір маған не керек?Маған оқу қажет.Қаншалықты қажет?Өте қажет.Себебі болашақта білімің болмаса не істемексің.Бойыма адами қасиеттерді қалыптастыру үшін де білім керек емес пе?Ия керек,сондықтан сабақ оқуым қажет.Ал екінші не істеймін спортпен айналысам,өз -өзімді жан жақты дамытамын.
Объяснение:Менің өз ойым
Өздеріңіздерде ойларынызды толықтырып жазыңдар.Рахмет)