1. Мәтінді тыңда. Қазақстан экономикалық кедергілерге қарамай, қиын
да күрделі шешім қабылдады. 1997 жылы республиканың
астанасы Ақмолаға көшірілді. Бұл шешім басқа елдерді де
таңғалдырған еді. Азғана уақыттың ішінде бұрынғы про-
винциалдық* қала адам танымастай өзгерді. Есілді бой-
лай Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Ханшатыр»,
«Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Алау мұзайдыны са-
райы», көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар жаңаша
бой көтерді. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей
мен Жәнібек хандардың, қазақтың үш атақты биі: Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа
бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні
жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты бола-
шағының символындай елестейді. Астанамыз Нұр-Сұлтан
қаласының болашағы әлі алда. Ол – болашақтың қаласы.
«Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» кітабынан
• Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша пікіріңді айт.
1. Мәтін не туралы?
2. Мәтінді тындау барысында көңіліңе қандай сезім ұялады?
3. Астананы (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласын) неліктен «бо-
лашақтың қаласы» дейді?
Асыл әжем.
Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.
Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады.
Ал әжемнің айтатын ертегілері мүлдем ерекше! Кішкене кезімнен күнде кешкісін "Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ..." деп жаңа ертегісін бастайды. Әжемді ерекше қатты жақсы көремін!