1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз. 2. Мәтінді көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоциалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қойыңыз
Сонау тіршілік пайда болғаннан бері жұмыр басты жанның басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші? Тас дәуірінен бастау алатын ұлы тарихтың бір бөлігі құс қанаты талатын ұлан байтақ дархан далам, мен оны жұмақ мекенге айналдыра білген ұлы даналарымыздың өмір жолындағы ашық күрестері мен сан сан тарапқа бөлінген зарлы өмірі, тарихтың тар жол беттеріне көз салсақ, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы көрген қиындықтары елім деп соққан есіл жүректерді езіп, қабырғасын қайыстырғаны һақ.Десекте осы қиындықтармен, соқпақтарға еліміз қарсы тұрып, өмір үшін күресте жеңуге ұмтылды.Сан ғасырлық тарихтың сахнасынан менің елімде, жерімде ойып тұрып өз орнын алған. Оған дәлел ретінде осы өлкеден шыққан батырларымызбен даналарымызды айтсақ болады. Өз өлкемнің тарихы мен үшін баға жетпес байлық, сарқылмас қазына іспетті. Қазақта, «өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген сөз бар.Иә, шынында да өз өлкеміздің тарихын білу ертеңгі күніміздің бағытын анықтауға бірден-бір көмек болады.Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз мемлекетке айналып, алпауыт мемлекеттердің қатарында тұрғаны қазақ баласына болашаққа деген үміт отын жағатыны жан қуандырады.Мемлекетпен оны құрайтын халық бір тұтас ұғым секілді, елімнің ұлы тарихы менің тарихым.Сан ғасырды қамтыған тарих тағылымының арқасында ұлы еліміз болашақтың бағытын дұрыс құра білді.
Оған дәлел, кеше ғана өз төрімізде өткен әлемдік 28-ші қысқы универсиядада алпауыт мемлекеттерді артқа тастап, биік шыңнан көргеніміз. Халқымыз осы жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Еліміздің бүкіл әлем көзін тігіп отырған «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге ие болуы, өзге елдерге үлгі боларлықтай игі іс болды. Осындай тарих беттерінде алтын әріппен жазылатын ұлы бастамалар ұлы дала елінде, болашақтада өз жалғасын табады деп сенеміз.
Қазақстанның халық қаһарманы, партизан жазушы, полковник Қасым Қайсенов 1918 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында туған.
2. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді?
Шығармадағы оқиға соғыс болған кезеңді суреттейді.
3. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесіңдер?
Екінші дүниежүзілік соғыс 1941-1945 жылдар арасында болды. Бұл соғысқа батыр Б.Момышұлы, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова ата-апаларымыз қатысқан.
4. Қазақ баласы Серіктің тағдыры қандай күйге ұшырады?
Қазақ баласы Серіктің өмірі өлім мен өмірдің ортасында болды.
5. Анна Ивановна деген кім, Серікке оның қандай көмегі тиді?
Анна Ивановна - адамгершілігі мол адам. Ол Серікті өз алақанына алып, өзінің ұлы Бориспен бірге өсіреді.
Елімнің тарихы менің тарихым

1. Қасым Қайсенов туралы не білдіңдер?