1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Ө.
көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деr
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып
пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.
Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.
Ынтымақ түбі — игілік.
Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ.
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.
Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.
Күш — бірлікте.
Саусақ бірікпей —
Ине ілікпейді.
Ауыл болса — қауым бол.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Біршілік болмай — тіршілік болмайды.
Ұйымдасқан ұтады.