1. Мәтінді мұқият тыңдап (оқып), онда көтерілген мәселені «Фрайер» моделіне сүйеніп, талдаңыз. Жаңа нысанның дизайнын суреттеңіз
Жаңа нысанның кем дегенде екі артықшылығын көрсетіңіз
Жаңа нысан туралы Сіздің пікіріңіз
Жаңа нысанның пайдасы қандай? Кем дегенде екі пайдалы тұсын көрсетіңіз
Астанада жаңа көпір бой көтерді
Бұл туралы Ақорданың ба з қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.
«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.
«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.
Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.
за 5мин
Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған.
Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған
Объяснение:
Ал фильмдер:көксерек,шал. т.б.
Табиғат құшағында өмір сүрген, жерді анасындай қастерлеп, «Жер-Ана» деп атаған түркілердің тіршілігі мен дүниетанымында көктемнің шығуы маңызды оқиға саналғаны белгілі.
Наурыз – түркі халықтары орналасқан аймақтың солтүстігінен оңтүстігіне, батысынан шығысына дейінгі аралықта өмір сүретін түркілер кең көлемде атап өтетін мейрам. Әдетте мейрамдардың діни сенімге, ұлтқа ортақ құндылықтарға байланысты пайда болатыны немесе дәстүрден, табиғат пен адамдар арасындағы байланыстан бастау алатыны белгілі.
Наурыз - түркі халықтарының ортақ мерекесі
Бұл мейрам Ислам дінін қабылдаған отырықшы және көшпенді түркі халықтарында топ болып аң аулау, той, өлімді атқару секілді Исламға қатысы жоқ салт-дәстүр ретінде жалғасын тауып келеді. Бұл дәстүрлердің нақты қай кезде пайда болғанын тап басу айту мүмкін емес. Қалай, неге, не үшін пайда болғаны жайлы сұрақтар туындамай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын тауып келеді. Осы ерекшелігі тұрғысынан алғанда салт-дәстүр – ұлттық байланысты күшейтетін ең маңызды нәрсе. Көктем келісімен тойланатын Наурыз – міне, осындай салтымыздың жалғасы іспетті дәстүрлі мерекеміз.
Наурыз мерекесінің діни ағымдарға еш қатысы жоқ. Ол – Исламнан көп бұрын пайда болған мейрам. Яғни, бір діннің немесе мәзһаптың діни мейрамы емес. Сондықтан бір дінге, бір мәзһапқа немесе бір этникалық топқа телінуі, араға сызат түсірген элемент ретінде қарастырылуы дұрыс емес.
1991 жылы тәуелсіздіктерін жариялаған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан,Түркіменстан, Әзірбайжан республикалары және Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық республика Татарстан 21 наурызда атап өтілетін Наурыз мерекесін «ұлттық мейрам» ретінде жариялады. 1991 жылы Түркияда да бұл күн түркі әлеміне ортақ күн ретінде жарияланды. Әрине, Түркияда бұл күн – жұмыс күні, ресми мереке емес.
Наурыз - түркі халықтарының ортақ мерекесі
Наурыз – Ергенеконда темір тауларды ерітіп, қайта тірілген ата-бабалардың рухы тұтатқан, түркі халықтарын бір-бірімен байланыстыратын алау. Бұл алау мыңдаған жылдар бойы сөнген жоқ, болашақта да осы алаудан ұшқан ұшқындар мыңдаған жандарды ортақ мәдени құндылықтар айналасында біріктірері сөзсіз. Еуразияның, түркі әлемінің наурыз гүлдері болашаққа үміт сыйлары анық.
Наурыздың түркі халықтарындағы атауларына келсек, түркі әлемінде ғұндар заманынан бізге келіп жеткен, табиғат пен ұлттық оянуды бір мағына ретінде ұсынатын наурыз (жаңа күн) мерекесі мына атаулармен аталғаны белгілі:
невруз, наурыз, новруз, сұлтан-и невруз, сұлтан-и наурыз, наорус, новроз, наврыс, невруз норус, ұлыстың ұлы күні, ұлы күн, Ергенекон, бозкурт, чаган бабу марта, жаңа күн, жаңа жыл, март докузу, мереке, мейрам, нартукан, нартаван, Алтай көдүргені, көктем мерекесі, меврис және т.б.