1. Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. ...Көксерек жайында ауыл-үйдің адамдары әр алуан өсек те таратып жүрді.
— Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! — десті. Кейбіреулер: «Қойды үркіте береді. Түнде даланы жақсы көреді. Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады» деседі. Құрмаш бұл өсектің бәрін елемейді. Шынында, Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, кәзір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Көрнеу ши ішіне кіріп кетіп, керегеге асулы тұрған ет болса, жас тері болса, қазанда іркіт, қатық болса — барлығын да өзінің ыдысына құйып қойғандай көріп, иіскелеп жалап, жеп кетеді. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет оқыста төбесіне таңқ етіп тиген оқтау бойын тызылдатып, шыпыртып тиген қамшыны да татты. Бұның жауабы — езуін ғана ыржитады. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады. Күніне екі мезгіл тамақ ішу, мұның шарты болып алды. Екі рет қолдан ас құйылмаса, ол күні Көксерек өз бетімен барып бірдемені жеп жататын.
Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, қой-қойлайтын еді. Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Көксерек арлан еді.
Сұрақтар:
1. Мәтін не туралы?
2. Құрмаш қандай аңды асырайды?
3. Көксерек нені ұға алмады?
4. Көксерек неге таяқ жейтін?
5. Көксерек неге айланды?
СОР
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.