1-мәтінҚыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды. 2-мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.
1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз.
a) Үйірін тапқан бөлтірік
b) Қараадыр қасқыры
c) Ауылдың аңыз-әңгімесі
d) Қасқырлардың қырылуы
[1]
2. Мәтіндерге тән ақпараттарды өзара сәйкестендіріңіз.
Мәтіндер Ақпараттар
1-мәтін
a) Баяндау және суреттеу мәтіні
b) Баяндау мәтіні
c) Көркем әдеби тілде жазылған
d) Көпшілік-ауызекі тілде
2-мәтін
[2]
3. Тек бірінші мәтінге қатысты ақпаратты көрсетіңіз.
a) Құрмаштың бөлтірікті қорғаштауы
b) Дала заңының адамзатқа бағынбауы
c) Көксеректің малдарға шабуылдауы
d) Көксеректің ақ қасқырмен ойыны
[1]
4. Әңгіменің оқырманға айтар түйінді ойы не?
сдвдлущіщіщвшушішəшшігугврвг кинь жалобу
ответ:Жаздың ба?
Объяснение:берш керек болып тұр
Объяснение: