В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
DiankaTokmashova
DiankaTokmashova
11.02.2020 21:43 •  Қазақ тiлi

1-мәтін

Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды.

Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып

көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп

өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен

қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды

тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр

жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп

екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін

сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап

гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып

тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан

Көксерек қайта ойнайды.

2-мәтін

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың

күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен

жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен

қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де

болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық

заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға

қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз

уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының

қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген

Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің

заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын

әңгімеден ұғынғандаймыз. ​

Показать ответ
Ответ:
Maksim2553
Maksim2553
08.02.2020 03:23

1) Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген.  Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды

2.  Жыраулар поэзиясының басты тақырыбы- Қазақ хандығын құрған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі, бүтіндігі мен тұтастығы, мемлекетті нығайту мен   оның жауынгерлік күшін аттыру.

3. Жыраулар поэзиясының 3 түрі бар: толғау, арнау, мадақ-өлеңдер

4. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жием­­бет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар

Объяснение:

Бар білгенім осы

0,0(0 оценок)
Ответ:
дарья3ви
дарья3ви
11.09.2022 22:00

Кәсіпкерлерді бірге қолдайық!

Соңғы жылдары елімізде отандық ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді. Бұл жақсылықтың бастамасы деп білемін. Себебі ұлттық өнімді қолдана отырып, біз отандық кәсіпкерлерді қолдап, Қазақстанда жасалған тауарларды қолжетімді бағада сатып ала аламыз. Осыған орай елімізде "Қазақстанда жасалған" бренді деп қалыптасты. Ірі саудар орталықтарының сөрелерінде өздеріңіз де "Қазақстанда жасалған" деген жазуларды байқаған боларсыздар? Менің ойымша, отандық өнімді тұтыну отаншылдықтың белгісі болып табылады. Отандық өнімнің сұранысқа ие болып, бәсекеге қабілетті болуы да біздің қолымызда. Сондықтан барынша ұлттық өнімдерді пайдаланып, еліміздегі шағын, орта бизнес иелеріне қолдау көрсете аламыз. Ал бизнес иелері болса, еліміздің бюджетіне өз үлестерін қоспақ.

Бұл ретте Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуда өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтауды басты назарға алуды ұсынды. Осылайша отандық өнімнің сапасы да жоғары болып, әлемдік нарықта да өз сатушыларын табады деп есептеймін. Ал сіздер отандық өнімді қолданасыздар ма?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота