Су адамға әрдайым керек. Сусыз өмір сүру өте қиын. Себебі а сусыз өмір жоқ. Біз суды күнделікті пайданаламыз. Бірақ біз кейде суды күн сайын пайдаланғанымыз соншалықты судың қадірін білмейміз. Әсіресе жаздың ыстық күнінде адамға бірінші су керек. Судың да сұрауы бар деген қазақта мақал бар. Су ағып тұр ғой, таусылмайды ғой деп суды құр босқа шашып немесе төге беруге болмайды. Кейбір адамдар сол суға зар болып қалады. Быз өмірде бүкіл тұрмыс-тіршілігімізде суды пайдаланамыз. Тамақ істегенде де, кір жуғанда да және т.б. істерде қолданамыз. Судың қадірін аш қалғанда және Ораза ұстағанда білесің. Себебі таң атқаннан күн бақанға дейін суды ішпей жүру қиын. Кейде үйде су өшіп қалса, бүкіл тірлігің жайында қалады. Судың өшпеуін қадағалау үшін, суға ақшаны алдын ала төлеп қою керек. Кәзіргі кезде біз суды кранттан алып су ішеміз. Ал баяғы заманда суды құдықтан алып үйге тасып ішетіңн болған. Құдық болмай тұрып, өзеннің, көлдің, теңіздің суын ішетін болған. Ашаршылық кезде су болмағанда адамдар лай суды жанталасып ішкен. Ал біз кәзір қарапайым суды менсінбейміз. Ондай болмау керек. Біз жаңа технологияның дамуына байланысты таза су ішеміз. Себебы ол жердегі мамандар суды әптен тазалайды. Мамандар суды 1 литрліктен 5 литрлік баклашка суды құйып сатып жатыр. Мысалға "Тау", "Тассай", және т.б. Менің ойымша әрбір адам судың қадіріне жете білу керек.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. күн қысқарып, түн ұзарды. аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. күн сирек көрініп, аз жылытады. анда-санда таңертең салқын болып қояды. өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. жұрт күземін алған, киізін де басып алды. маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. қарлығаштар көптен көрінбейді. аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай от басында отыр. жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!