1-мәтін [10] Ертеде кос тұлымшагы желбіреген, кұралай көздері жәудіреген кішкене ғана кыз бала болады. Оның мекені алып шаһардың ортасынан ойып орын алған зәулім сарай да емес, биік Ғимарат та емес, лашық күрке де емес, қарапайым ауыл ішіндегі шағын үй болатын. Ата- әкесінің шуақты құшағында ерке-бұла боп өсіп, оларды нәзік те қызық қылықтарына бір тоймастай етіп, тамсантып, табындырып күндер кешті. Ол тамылжыта ән салғанда торғайдың шырылдағаны, құзғынның құрқылдағаны, тырнаның тыраулағаны, сандуғаштың сайрағаны да түкке тұрғысыз, көңілге қонымсыз болып қалушы еді. Оның сырлы сынына, қызық қырына қанық ел-жұрт, ауыл адамдары үйлеріне арнайы шакырып, ән салдырып қоятынды да шығарды. Тақылдак тандайынан тамған тамаша дауысын, судың сылдырынан да сұлу, әсем әуенін естімей көңілдері көншімейтіндер де көбейді. Өнерін өнеге тұтатын ауылдастарының көңілін аулап жүрген бір күнінде ауыл ішінде елеусіз тұрған ескі құдықты көзі шалды. Тамағы құрғап, ерні кеберсiп, тілі аузына сыймай келе жатқанда «тілегені алдынан іздемей табылғанына» жүрегі жарыла қуанған ол қайтсе де су ішіп, шөл қандырмай кетпейтін болды. Құдықтың ескі екеніне, жанындағы кауға шелегінің шаң басып, тозып қалғанына қарамастан, кұдықтың тереңіне шелекті «күмпу еткізіп тастап жіберіп, «сырт-сырт, сырт-сырт» еткізіп шелекке байланған арқан жібінен тартып, кұдық үстіне шығарып алды да, өз көзіне өзі сенбей аңтарылды да калды. «Ескі құдықтан осыншалықты мөлдір су шығады екен-ау. Тіпті, әлгі тоз-тозы шыккан көне шелектің түбі күнге шағылысып, жылтылдап қоятынын қайтерсің» деген ойда калды. мазмуны не туралы?
Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған.Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1]
Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.
Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.