1. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүгін келдім.
В) Кеше бардам.
С) Әрең көтердім.
Д) Балаша сайрады.
2. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды.
В) Ілгері жүрді.
С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.
Д) Қыруар жұмыс істедік.
3. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
А) Алға қадам басты.
В) Әрең-әрең бара жатты.
С) Қасақана істеген.
Д) Амалсыздан үйіне жүрді.
4. Мекен үстеу қатысқан сөйлемді тап.
А) Ол таңсәріден бері демалған жоқ.
В) Жазда ауылға барамыз.
С) Кешкісін әкем қалаға кетті.
Д) Жеделсатымен жоғары көтеріліп барады..
5. Туынды мекен үстеуді табыңыз.
А) шалқасынан
В) тысқары
С) балаша
Д) жаздай
6. Туынды мекен үстеудің жұрнағын табыңыз.
А) –дай
В) –даған
С) –кері
Д) –ғыр
7. Қайда? деген сұраққа жауап беретін үстеу түрін тап.
А) мезгіл
В) мекен
С) мақсат
Д) сын-қимыл
8. «Қашан?» деген сұраққа жауап беретін сөздердің қатарын табыңыз.
А) төмен, алға, жоғарғы
В) өте, тым, аса
С) жаздыгүні, былтыр, баяғыда
Д) жылдам, асығыс, мүлдем
9. Қай сөлемде мезгілдік мағынаны білдіріп тұрған сөз (үстеу) бар?
А) Әсетке орныны отырды
В) Мен сабаққа кешіктім
С) Таңертең ерте ояндым
Д) Мен онымен сөйлестім
10. Кешке қарай, күн сайын, жаз бойы – қай үстеу түріне жатады?
А) күрделі үстеу
В) түбір үстеу
С) туынды үстеу
Д) қосымша
с тестом
Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі — Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты - За¬гира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Загира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатка шығуға, машинамен қыдыруға құмар. Загира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке балаларымен отбасылық сұхбат қүрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтармен танысады. Жақсы дәстүр - отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.