1.Қимақ қағанатында шонжарларға берілген лауазымдар: А) ябғу,шад-түрік, елтебер
В) елтебер, шад, ілік хандар»
С) бектер,«тегіндер», ябғу»
Д) «ябғу шад»«ұлы қаған», «кіші қаған» Е)«елтебер» кіші хандар», «шад»
2.Тас дәуірінде үңгірді мекен еткен алғашқы адамдар төсеніш ретінде пайдаланды:
А) Аң терісін В) Ағаш жаңқаларын С) Киізді Д) Тақтайды Е) Мал терісін
3. Зергерлік бұйымдар табылған үйсін қорымы:
А) Ақтас В) Бесшатыр С) Бесоба Д) Шілікті Е) Есік
4.. Қола дәуірінен жалғасып келген салт-дәстүрдің бір түрі:
А) Отқа табыну В) Балбал тастарға табыну С) Көк бөріге сыйыну
Д) Аңыз кейіпкерге сену Е) Қойға табыну
5.VIII ғасырда Дың ескерткіштері кең тараған мемлекет:
А) Найман В) ҚараханС) ОғызД) Қарлұқ Е) Қарақытай
6. Қола дәуіріндегі жоғары дін басылар:
А) Ру басшылары В) Ақсақалдар С) Абыздар
Д) Тайпа көсемдері Е) Молдалар
7. Қаңлыларда киіммен жерлеу дәстүрі осы мәдениетке тән:
А) Қауыншы В) Берел С) Андронов Д) Тасмола Е) Беғазы-Дәндібай
8.Түргеш қағаны Сұлу өзінің ордасын көшірді:
А) Испиджаб қаласына В) Талхиз қаласына
С) Шаш қаласынаД) Тараз қаласына Е) Баласағұн қаласына
9.Қола дәуіріне тән емес ерекшелік:
А) Кен өндіру, металл өңдеу ісі дамыды В) Еңбек бөлінісі пайда болды
С) Теселі егіншілік дамыды Д) Жеке меншік пайда болды Е) Мал бағудың көшпелі түріне көшу басталды
10. Сақтардың негізгі шаруашылығы: А) Мал шаруашылығы В) Теселі егіншілік С) Металл өңдеуД) Шыны бұйымдар жасау Е) Аң аулау
11. Неолит адамдарының өзіндік дүние танымы болғанын дәлелдейді:
А) Еңбек құралдары В) Тұрақтарындағы арнайы сыйыну орындары С) Тастан жасалған құдай бейнелері
Д) Үй-жайларындағы заттай деректер
12.Жазба деректері бойынша Қаңлы елін биледі:
А)Патша В) Гуньмо С) Уәзір D) Шанью Е) Хан
13.Үйсіндер билеушісінің лауазымы:
А) Түменбасы В) Гуньмо С) Уәзір D) Шанью Е) Хан
14.Оғыз билеушісінің лауазымы:
А) Гурхан В) Гуньмо С) Жабғу D) Шанью Е) Хан
15.Қыш құмыралар заманы:
А) Кейінгі палеолит В) Мезолит С) Энеолит D) Ерте палеолит
Е) Неолит
16.Ботай мәдениеті Қазақстан аумағындағы жақын ескерткіш болып табылады:
A) Неолит дәуірінің B) Палеолит дәуірінің C) Қола дәуірінің D) Темір дәуірінің E) Энеолит дәуірінің
17.Еңбек бөлінісі мен аталық рудың қалыптасқан дәуірі:
A) Қола B) Палеолит C) Неолит
D) Энеолит E) Темір
18.VІ ғасырға дейін түріктер бағынышты болды
A) Парсыларға B) Жужандарға C) Моңғолдарға
D) Жоңғарларға E) Славяндарға
19.Қимақ қағанатының құрамына кірген тайпалардың ең ірісі:
A) Аварлар B) Оғыздар C) Үйсіндер D) Түргештер E) Қыпшақтар
20. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан қала:
А) Тараз В) Сауран С) Түркістан D) Сайрам Е) Алматы
Мектебімдегі Жеңіс күні.
"Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды"... Иә, Жеңіс күні мынау байтақ қазақ даласына, қонақжай қазақ халқына үлкен нәубетпен, еңбекпен келді. Елім деген ерлер қан майданда қасық қаны қалғанша соғысса, елде қалғандары бей-жай жатпай, тылда еңбек етті. 4 жыл қазақ тарихында мәңгі қалды.
Бүгінде 9 мамыр – Жеңіс күнін тәуелсіз елдің ұландары әр жыл сайын тойлайды. Біздің мектепте аталмыш мереке үлкен дәрежеде тойланады десем де болады. Барлық мектеп оқушылары қолдарында гүл шоқтарымен, ардагерлердің суретін аспанға көтере шеруге шығады. Ардагерлер сый-сияпат көрсетіп, Мәңгілік Алау тұсына гүлдерін қояды. Одан қалды, мектепішілік шаралар да бар. Әр сыныптан қабырға газеті шығарылады. Ардагерлермен кездесу, тәрбие сағаттары болады. Алғашқы әскери дайындық пәнінен небір жарыстар ұйымдастырылады. Міне, осылайша біз мектеп қабырғасында Жеңіс күнін тойлаймыз.