1.Екі мәтінге ортақ тақырыпты табыңыз. [1] А) Орта Азия халықтарының мерекесі.
Ә) Тыйым салынған мереке.
Б) Наурыз-парсы сөзі.
В) Тіршіліктің бастауы-Наурыз.
2.Екі мәтінді кестедегі аспектілер бойынша салыстыр. [3]
Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін
Мәтін түрі
Мәтін жанры
Мәтін стилі
3.Өлең жолдарын өз сөзіңізбен жазыңыз. [1]
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Текст
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді.
Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.
1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
Текст2
Мақсұт Неталиев «Ұлыс күні»
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!
Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы...
Жылғалардан су аққанда сырғанап,
Шаң - тозаңнан тазарады нұрлы алап.
Толтырады шаңырақтың шаттығын –
Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!
Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»
Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –
Жүрсе, Бақыт қонатынын хабарлап,
Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!
Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,
Жүрген жандар таныс тапса – досындай.
Ол – осынау Наурыздың арқасы! –
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!
Қой, бұрыш, ара, қыс сөздері екі мағынада қолданылатындай етіп, сөйлемдер құрастыру.
Бүгін ауылдағы қойларды жайылымға шығаратын менің кезегім келді.
Шаш кептіргішті қолданып болғаннан кейін орнына жинап қой.
Салатқа қосатын ащы бұрыш таусылып қалып, дүкенге баруға тура келді.
Кішкене қарындасыңды байқап отыр, үстелдің бұрышына басын ұрып алмасын.
Аралар гүлден гүлге қонып, тынымсыз бал жинайды.
Демалыс күні әкем екеуміз есік алдындағы қисайған ескі ағашты аралап, кесіп тастадық.
Қыс – менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Етігім аяғымды қысып, үйге әрең жеттім.