1. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. І-деңгей. Орфографиялық сөздіктен қарап, жақша ішіндегі сөздер- дi ережеге сай жазыңдар. (Ақ) құтан, (ақ) қурай, (ақ) құба, (ақ) аю, (ақ) бөкен, (ала) бота, (ала) бұлт, (ала) көз, (ала) қарға, (ала) бажақ. 2-деңгей. Екі сөзден құралған шөп, балық, аң, құс аттарына мысал ойлап жазыңдар. 3-деңгей. Өсімдіктердің атауларын қатыстырып, «Табиғат аясын- да» тақырыбында жинақы мәтін жазыңдар.
-Сәлеметсіз бе,сіз мұражай қызметкерісіз бе?
-Ия, мен сізді өлкетану мұражайымен таныстырамын.
-Сақтар шаруашылығы туралы айтыңызшы.
-Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан:жылқы,миыр,қой,түйе өсірген.
-Сақтарға олардан қандай пайда болды?
- Сақтар малдың етін,сүтін азық қылған, терісі мен жүнін де тұрмыста қолданған.
-Неліктен олар ірі қараны аз өсірген?
- Өйткені ірі малға жем-шөп азық түлік көп қажет болды.
- Тағы басқа немен айналысқан?
-Сақтар егіншілікпен де айналысқан көрінеді.
-Оған дәлел бар ма?
-Әрине, Қызылорда облысының Шірік-Рабат деген малшы қонысының маңынан суару каналдарының іздері табылған. Олар қара бидай,тары,арпа өсірген.
- Сақтарда басқа кәсіп болмаған ба?
-Қосымша кәсіп ретінде балық аулаған.Әсіресе,Ертіс өзені мен Сырдария өзені бойында балық аулау кәсібі кең тараған. Біртіндеп отырықшылыққа үйренген сақтарда қолөнер мен сауда дамып,қалалар пайда бола бастады.
-Әңгімеңізге көп-көп рахмет!
Объяснение:
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді
2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.