1.Даниэл Дефо кім? /1/ 2. Оның отбасы немен айналысқан? /1/
3.Ол әртүрлі жанрда қанша еңбек жазған? /1/
4. Оның қандай шығармаларын білесіңдер? /1/
5. Дефоны әлемге әйгілі қылған романы қалай аталады? /1/
2-тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді аударыңдар, мағынасын түсіндіріңдер. /5б/
Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелері ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер болып бөлінеді. Экологиялық қауіпті мәселелер:табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандылықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т.б. Бұл мәселелер тек қана барлық мемлекеттің қатысуымен, ББҰ-ң басқаруымен ғана шешіледі.
Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондағы тіршілік көзі жойылады. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мүнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілер орнатылған. Ауаны тазарту қондырғылары орнатылады. Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал теңізінің суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіздің түбіндегі зиянды тұзды шаң желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбыр жауады.
3-тапсырма. «Отырар – өркениет ордасы » тақырыбына әңгіме жазыңыз. /10б/
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.