1 Қазақ зиялылары партия құру әрекетін қай кезде қолға алды? А) Бірінші орыс революциясы жылдарында
В) Ақпан буржуазиялық - демократиялық революция кезінде
С) Қазан төңкерісі кезінде D) Азамат соғысы жылдарында
2 1905 Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі қандай партия құру
туралы шешім қабылдады?
А) «Қазақ конституциялық - демократиялық партиясын»
В) «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын
С) «Үш жүз» партиясын D) «Эсерлер» партиясын
3 Қазақтың тұңғыш ұлттық - демократиялық партиясы
А) Үш жүз В) Кадеттер С) Алаш D) эсерлер
4 Қай съезде қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қаралды?
А) Сырдария қазақ - қырғыз съезінде В) 5 - 13 желтоқсандағы ІІ Жалпықазақ съезінде
С) 21 - 26 шілдедегі І Жалпықазақ съезінде D) Жетісу қырғыз - қызық съезінде
5 «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы неше бөлімнен тұрды?
А) 5 В) 8 С) 12 D 10
6 «Алаш» партиясының бағдарламасы қай баспада жарияланды?
А) «Айқап» журналында В) «Қазақ» газетінде
С) «Сарыарқа» газетінде D) «Жұлдыз» журналында
7 «Алаш» партиясы бағдарламасының бөлімдерін жаз
8 1917 жылғы қарашада өткен Бүкілресейлік Құрылтайға қазақ қайраткерлері қай партияның
атынан тіркелді?
А) Үш жүз В) Кадеттер С) эсерлер D) Алаш
9 «Алаш» саяси партия ретінде толыққанды қашан ұйымдасты?
А) 1917 ж қараша В) 1917 ж шілде С) 1917 ж желтоқсан D) 1917 ж тамыз
10 «Алаш» партиясының жетекшілері қандай бағдар ұстанатынан жариялады?
А) Шығысқа бағдар ұстанатынан В) Большевиктер партиясы бағдарын ұстанатынын
С) Батысқа бағдар ұстанатынын D) Кадеттер партиясы бағдарын ұстанатынын
Школьные Знания.com
Какой у тебя вопрос?
1
Избавься от ограничений
ПОПРОБУЙ ЗНАНИЯ ПЛЮС СЕГОДНЯ
zhanaraaltynbe
zhanaraaltynbe
28.11.2018
Қазақ тiлi
1 - 4 классы
ответ дан • проверенный экспертом
Өнерім өмірім тақырыбында өздеріңе ұнайтын өнер қайраткері туралы жинақты мәтін жазу керек. Терминдер мен кәсіби сөздерді қолданындар
1
СМОТРЕТЬ ОТВЕТ
zhanaraaltynbe avatar
Войди чтобы добавить комментарий
ответ, проверенный экспертом
4,8/5
45
maudarbekova
умный
5.7 тыс. ответов
15.2 млн пользователей, получивших
Өнерім – өмірім.
«Өнерім – өмірім» менің ойымша бүгінгі таңда Димаш Құдайберген толық сенімділікпен айта алады. Себебі, бұл әнші өнерлі отбасында дүниеге келіп, туа біткен дарынын шыңдап, бүгін әлем мойындаған, барша жұрт өнеріне тәнті болған, атағы жер жарған Димаш Құдайбергенге айналды. Өз таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал тұлғаға айналды. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.
Жас та болса, бірнеше байқау жеңімпазы мен лауреаты атанып үлгерген. Солардың ішінде Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.
Димаш – менің сүйікті әншім. Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші болуды армандаймын.
Жалпы а ң өмірінде екі мақсат болады десек: бірі – күнделікті мақсат, яғни қара бастың қамы, екіншісі – ізгі мақсат. Ізгі мақсаттың ауқымы кең. Ол – еліме, халқыма адал қызмет етсем, қажетіне жарасам, гүлденіп көркеюіне үлесімді қосам деген ізгі арман. Сондай ізгі мақсат, асқақ арман иелері «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп ақын Сұлтанмахмұт айтқандай, бүкіл ақыл-ойын, талантын, еңбегін, бар өмірін елінің, халқының жарқын болашағына арнаған ұлы тұлғалар қазақ тарихында баршылық. Олар ұлы ғалым Шоқан, ұлы ақын Абай, ұлы жазушы Мұхтар, әйгілі ғалым Әлкей Марғұлан, ұлы геолог Қаныш Сәтбаев, т.б.
Уақыт өткен сайын олар оқшау дараланып, жарқырай түседі. Олар сарқылмас бұлақ, өздерінің талантымен, терең білімділігімен, тұңғиық терең ақыл-парасатымен, елінің, халқының, болашақ жас ұрпақтың жарқын өмірі үшін еткен ерен еңбектерімен тарихта есімдері алтын әріппен жазылған ұлы тұлғалар. Солардың бірі де бірегейі – Қаныш Сәтбаев. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына биыл 120 жыл толғалы отыр. Болашақ ғалым 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келген. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Алайда анасы Әлима «Ғаниым», «Ғанышым» деп еркелеткен, содан Қаныш аталып кеткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Қаныш, алдымен – ауыл мектебінде, Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, кейіннен Томск технология институтын тамамдайды. Алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Қаныш, сонау аумалы-төкпелі заманда Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек сынды ұлы тұлғалармен иық тіресіп, халқының көзін ашып, көкірегін оятуда ерен еңбек сіңірді. Тіпті оның мектеп оқушыларына арнап «Алгебра» оқулығын дайындауының өзі – ұлтының болашағын ойлауының дәлелі болса керек. Алайда бала кезден жерінің тау-тасына қызығушылығы, оның жұмбақ сырын білуге деген ынтызарлығы геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіргеннен кейінгі бүкіл өмірі Қазақстанның жер қойнау, қазба байлығын зерттеуге арналған. Ол сарқылмас кең орындарын тапты. Қазақтың елі малға бай болса, жер қойнауы кенге бай екенін бүкіл әлемге көрсетті. Оның ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, оның ірі мыс кенді аймақ қатарына жататынын дәлелдеп беруі – ғылым саласындағы үлкен жаңалық болды.