1. Қазақ тілінде стильдің қанша түрі бар? A) 1
B) 6
C) 5
D) 3
Е)4
2. Ғылыми стильдің ерекшелігі...
A) дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу
B) ресми, анық, дәл, нақты
C) шақыру , үндеу, нақтылық
D) образды, эмиоционалды,экспрессивті
Е)сөз тіркестерінің еркін қолданылуы
3. Пікірталастың түрін белігле.
A) Дау, толғау
B) ойталқы, ойкөкпар
C) айтыс, арнау
D) диалог монолог
Е)монолог, толғау
4. Қай стиль түрі қоғам өмірі үшін маңызыды мәселелерді талқылау деген ұғымды білдіреді?
A) ғылыми стиль
B) ресми-іс қағаздар стилі
C) көркем әдебиет стилі
D) публицистикалық стиль
Е) ауызекі сөйлеу стилі
5) Латын тіліндегі « publicus» сөзінің беретін мағынасын тап.
A) іс қағаздар
B) әлеумет, көпшілік
C) газет журнал
D) шешендік
Е)өнер
6) Публицистикалық стильдің түрін көрсет.
A) монография, ғылыми есеп
B) өмірбаян, аннотация
C) очерк, бас мақала
D) түйіндеме тезис
Е)түйіндеме, ғылыми есеп
7) Шешендік сөздің үш элементін көрсеткен ғалым
A) Аристотель
B) Абай
C) Цицерон
D) Әл-Фараби
Е) Майқы би
8) Пікірталас дегеніміз не ?
A) Өз ойыңды ашық айту
B) ойды, идеяны ортаға салу, қорғап сөйлеу
C) өз пікіріңді дұрыс санау
D) өзгенің пікіріне қосылмау
Е) өз идеяңмен бөлісу
9 . Қате жазылған сөзді табыңыз
A) үкімет
B) мейрім
C) қабілет
D) құдірет
Е)қағілез
10. Элизияға ұшыраған сөзді табыңыз
A) барыппедің
B) дастархан
C) көктем
D) ауыл-аймақ
Е) білімпаз
1-мәтін
Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.
Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді.
11.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A) Мирмекологтар туралы
B) Құмырсқалар илеуі туралы
C) Құмырсқалар достығы
D) Құмырсқалар еңбегі
Е)Жәндіктер туралы
12.Жан басына шаққандағы құмырысқа саны
A) Екі миллион
B) Бір миллион
C) Үш мшитион
D) Жарты миллион
E) Бір жарым миллион
2-мәтін . Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды, жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға да күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді.
Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені, оның қайшысы да, желімі де жоқ...
Бір кезде мұғалім қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен Айдардың желімін алып, оның орындығына төгіп қойды. Жабысып қалып, күлкі болсын дегені.
Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде.
Жасаған жоқпын, - деді бұл.
Апай, оның желімі де, қайшысы да жоқ, - деді Зағипа.
Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай.
Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын.
Жексеннің жүрегі су етті, Өйтсе де амал жок, сездірмеуге тырысты, Отырды...
Сабақ бітті. Окушылар у-щу болып, сыртқа шықты.
Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады.
13.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
A) Ата-анасы Жексенге неге тәртіпсізсш деп кейіді?
B) Жексен істеген ісін қалай түсіндірді?
C) Загипа Жексенге неліктен күн көрсетпейді?
D) Сыныпта жалғыз қалған оқушы кім?
E) Неліктен мұғалім Жексенге ренжіді?
14.Жексеннің әрекетіне қатысты мақалды табыңыз.
A) Тентек жұртқа теріс, өзіне дұрыс
B) Жан қиналмай, жұмыс бітпес
C) Ақылы жоктың арманы жоқ
D) Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.
E) Біреуге ор қазба, өзің түсесің
15.Мәтінді жазудағы автор мақсатын көрсетіңіз.
A) Айдар мен Жексенді салыстыру-
B) Зағипаның үлгілі оқушы екенін көрсету
C) Тәрбиесіз қылықтарды әшкерелеу
D) ұстаздың тәрбиесіне көңілі толмау
E) Жексеннің тәртіпсіздігін мақтан ету
Мәтін стильдері дегеніміз - қаламгердің жазу мәнері,мәтінді оқырманға жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануы, ой түйінін ашу тәсілі.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильд
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда,
лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен
кеңсе құжаттарында қолданылады.
Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен
митингілердегі сөздерде қолданылады.
Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда
қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилі – адамдармен еркін әңгіме кезінде
қолданылады
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
Объяснение
все