1. Қазақстандағы білім беру саласындағы инновация. 2. Қазақстандағы сауданың оң және теріс әсерлері.
3. Қазақстандағы энергетикалық дағдарыс.
Клишелер мен қажетті сөздер: менің ойымша, меніңше, біріншіден, алдымен, екіншіден, үшіншіден, сонымен бірге, сондай-ақ, әрине, мүмкін, дегенмен, алайда, сондықтан, олай болса, қорытындылай келе, нәтижесінде.
Ұсынылған үш тақырыптың біріне мәтін құрап жазыңыз (10-15 сөйлем). Сөйлемдерді орфографиялық нормаларға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғап, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз. Мәтіннің мазмұнын ашуда өз ойыңызды жазыңыз, болжалдық, бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерін, етістіктің шартты рай жұрнақтарын, мақал-мәтелдерді қолданып жазыңыз.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы халықаралық саудада ең елеулі орынды алып отыр. Қазақстан ендігі халықаралық сауданы дамыту жолында. Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың дамуы ежелден келе жатыр. Оны Жібек жолы бойындағы сауда жолдарының қызметінен көруге болады. Міне сол уақыттан бері Қазақстандағы халықаралық саудада болып жаткан өзгерістерді анық көруге болады, яғни ол кезде Қазақстан Республикасы аз ғана елдермен сауда қатынасына түскен болса, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 120 елмен халықаралық сауда қатынастарына түсуде.