В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
avoka
avoka
07.02.2020 06:05 •  Қазақ тiлi

1.«Қазақстан-ұлы дала елі» тақырыбында 10 сөйлемнен тұратын мәтін құрап жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
maя
maя
16.03.2021 08:50

ҚАЗАҚСТАН «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзі ел арасында кеңінен қолдау тапты.

Берілген айдарда Сіздерге Елбасының сөзінде көтерілген идеялар мен ұсыныстарға жолдаған бірнеше пікірлерді ұсынып отырмыз.

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – БАБАЛАРДЫҢ АРМАНЫ,

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚСАТЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасаған баяндамасында “Мәңгілік Ел ” болуға бет алған бүгінгі халқының барша тарихына талдау жасалды. Ұлтымыздың бірнеше мың жылдық өткен мерзіміндегі қазіргі ұрпағы үлгі тұтар, сабақ алар кезеңдерін саралады.

Кең байтақ қазіргі қазақ даласында өмір сүріп, дамыған тікелей арғы бабаларымыз негіздеген, сол уақыттағы әлемдік дамуда шешуші орындары болған Ұлы мемлекеттік бірлестіктердің Отандық және әлемдік тарихтағы алған орнына баға берді.

Елбасы баяндамасының негізгі мазмұны қазіргі қазақстандықтардың, соның ішінде жас ұрпақтың осындай бабалар тарихын білу арқылы оның ерлікке толы беттеріне мақтанып, өкінішті кезеңдерінен сабақ алуға шақыруымен ерекшеленді.

Соның ішінде әсіресе, жоғарыдағы аталған Ұлы мемлекеттердің заңды мұрагері, тура осыдан 550 жыл бұрын өмірге келген Қазақ хандығының құрылып, дамуының тарихи заңдылығы жан-жақты баяндалды. Жаңа мемлекеттің территориясын негіздеу, оның қуаттылығын арттырудағы, дербестігін қамтамасыз етудегі қазақ хандарының қызметтеріне талдау берілді.

Осылармен қатар белгілі мерзімде қуатты жұртқа айналған хандықтың әлсіреу кезеңін сипаттап, оның себептерін ашып көрсетті. Еркіндігінен айырылып, басқаға тәуелділікке өткен қазақ халқының ауыр тарихын баршамыздың есімізге салды.

Елбасы осы баяндамасында халқымыздың тарихындағы осындай жағдайдың орын алуының себептерін ашып көрсетті. Одан сабақ алудағы ұлтымыздың тарихын білудің маңызына тоқтады.

Егемендікке қол жеткізген қазіргі Қазақстан мемлекетінің жетістіктерін саралады, дүниежүзілік қауымдастықтың белді мүшесі ретіндегі қазіргі жаһандану заманындағы оның алдында тұрған міндеттерді айқындады. Қазақстанның егемендік жылдарындағы көптеген әлемдік тұрғыдағы игі бастамалардың негіздеушісі болып отырғандығы Елбасының баяндамасында барынша көрініс тапты.

Тәуелсіз Еліміздің болашағы оны мекендеп отырған жүзден астам ұлттардың өзара түсіністігі, теңдігі, силастығы мен ұғыныстылығында екендігін Президент баса айтып өтті. Осы бағыттағы еліміздегі атқарылып отырған келелі істердің ауқымы мен нәтижесіне тоқтады.

Елбасы “Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз-солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз –Ұлы істердің ұйтқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл-біздің таңдауымыз!” деп көрсетіп, халқымыздың алдында тұрған міндеттерді атады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота