1. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз. А) Жеңіл жүк. В) Қисық ағаш. С) Ауыр сөз. Д)
Қоңыр түс. Е) Сынық айна.
2. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.
А) Терең ой. В) Ұзын арқан. С) Тар жол. Д) Үлкен
үй. Е) Қара шаш.
3. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Сен менің оң қолымсың. В) Қолды болып жүрме.
С) Ол қол ұшын берді. Д) Қолы жеңіл.
Е) Қолыңды көтер.
4. Тура мағынада айтылған сөздері бар сөйлемді табыңыз.
А) Адамның басы. В) Таудың басы. С) Бас дәрігер. Д)
Істің басы. Е) Жиналыстың басы.
5. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.
А) Қара жұмыс. В) Ескі үй. С) Күзгі орман. Д)
Қалың кітап. Е) Сары бояу.
6. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз.
А) Қабағын түйді В) Ақ жүрек С) Алтын ғасыр Д)
Жарқын жүзді Е) Қызыл алма
1)С; 2)А; 3)Е; 4)А; 5)А; 6)Е;