Тілге құрмет – елге құрмет Тіл- әр ұлттың жаны, мінезі,пейілі, оның көп ғасырлық тарихы. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі- өте оралымды, айшықты, өрнекті, бейнелі бай тіл. Көпұлтты Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі–қазақ тілі, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жауапкершілігі орасан зор. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – а үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лекцика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Мемлекетіміздің ішкі саясаттағы басым бағытының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту. Өйткені тіл саясаты еліміздің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекеттілігінің нығаюына тікелей әсер ететін фактор. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін дамытудың стратегиясы негізгі үш мақсатты қамтиды: мемлекеттік тілдің (қазақ тілінің) әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында. Елбасымыз Қазақстан халықтарын біріктірудің шешуші факторы болып саналатын мемлекеттік тілді дамыту мәселесін ғылыми тұрғыдан жүргізуді ұсынды. Яғни, мемлекеттік тілді қайнары балабақша мен бастауыш мектептерден басталуы керек. Педагогика ғылымына сүйенер болсақ бес жасқа дейін бала санасында дүниетанымның, ақыл-ойдың алғашқы іргетасы қаланады. Сондықтан Президентіміз білім беруге мектептерде, әсіресе, балалар бақшасында қазақ тілін оқытуға ерекше назар аударып отыр. Мемлекеттің ұстанған тіл саясаты бүгінде өз жемісін беріп отыр. Көптеген диаспора өкілдері әсіресе жастардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы мен құрметті артып келеді. Бүгінгі күн біздерге – тіл туралы заңнамаларды қалтқысыз сақтай отырып, Қазақстандағы барлық тілдердің сақталуына жағдай туғызу, мемлекеттік тілді оңтайлы үйлестіруге ықпал ететін нақтылы тетіктерді жүзеге асыру міндетін жүктеліп отыр. Мемлекеттік тіл мәселесі этносаралық проблема емес, жалпы мемлекеттік проблема. Мемлекеттік тілді еліміздің барлық азаматтары ұлтына, жынысына қарамастан өркениетті елдердегідей өз тілім деп қабылдауға тиіс. Қазақстан мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізген шын мәнінде татулық пен тұрақтылыққа қол жеткізген өркениетті елдердің қатарынан өзіне лайықты орын алары сөзсіз. Бұл елімізде тұрып жатқан басқа да диаспоралардың жағдайынан көріп отырмыз. Мемлекеттік бағдарламада диаспоралардың мүдделері де ескерілген. Бізде өзбек, ұйғыр, тәжік, украин тілдерінде оқытатын мектептер бар. Жалпы білім беретін мектептерде дербес пән ретінде 15 ана тілдері оқытылады.
Матасу.
1. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.
2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.
Мысалы: Сенбілікте біраз жаңа ағаштар отырғызылып, қалған ағаштардың түптері әктелді.
Ауыл тұрғындары барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.
Қабысу.
Сөздердің ешбір жалғаулықсыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.
Мысалы: Ағам ата - анамның мерейтойына алтын сағат сыйлаған болатын.
Үйірмемізде қызықты оқиғалар жиі болып тұрады.
Жанасу.
Сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеу мен етістік жанаса байланысады.
Мысалы: Арман бұл жиналысқа ақпарат алу үшін әдейі келді.
Мен сол арқылы бұл әлеуметтік жоба туралы білдім.
Меңгеру.
Сөздердің ілік септіктен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.
Мысалы: Бұл сыйлықты мен құрбыма бердім.
Кішкене қарындасым ойнап жүріп суды төгіп тастады.