В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия

1.Алаш орда көсемдері. 2.Ахмет Байтұрсынұлы кім?

3.1918 жылы кіммен,қай жерде жұмыс істеді?

4.Махамбет Қтемісұлы кім?

5.Тәкен Әлімқұлов кім?

6.Т.Әлімқұловтың алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады , қай жылы жарық көрді.?

Показать ответ
Ответ:
fsdfsdfdsfsdfsdf
fsdfsdfdsfsdfsdf
01.09.2022 20:28

Көргендер де,

Көрмеген де арманда,

Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда.

Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да,

Қара аю да, күшіген де, жылан да,

Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да,

Бас қосыпты сол маңда.

Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп,

Тасбақа да орын тепті төрден кеп.

Сан орманның тамашасын тауысқан

Ән шырқады ала қанат сауысқан.

Жапалақ та ән шырқады толғана,

Кезек әзер жеткен кезде қарғаға,

Маңдайына алақанын жастана,

Тыңдаушылар қалғып кетті, масқара.

Қоян айтты:

- Қалай болған күнде де,

Ән кезегін ұсынған жөн Пілге де!

Бір тыңдаушы айқай салды:

- Немене?

Өнер шіркін, қара күшке көне ме?

Одан қайта Піл ағай

Тауға барып тасымай ма бөрене?

Бірақ жұрттың елең қылмай бұл сынын,

Піл ән салды бұлғаңдатып тұмсығын.

Тумады-ау деп ой сергітер байтақ ән,

Қалың қауым қалғып кетті қайтадан.

Осы сәтте Бұлбұл әнге басты бір,

Қарт тоғайдың елестетіп жастығын.

Мүлгіп кеткен тыңдаушы жұрт оянып,

Жанарынан ризалықпен шашты нұр.

Көпке дейін тежеу мүмкін болмады

Ұлан-асыр қуаныштың тасқынын.

- Өте орынды соғылды бұл шапалақ,

- Деп сөз алды тостаған көз жапалақ,

- Біз де өнерін қадірлейміз бұлбұлдың,

Бірақ аз-мұз шатағы бар құрғырдың,

қараңдаршы, бір қанаты қырқылған,

балақ жүні ұйпаланған, жыртылған,

Достарым-ау, жатқан жоқ па осында,

Бет қызартар үлкен істің былығы?

Қаршыға айтты:

- Доғар сөзді, тасынба,

Бұл өзіңдей пенделердің қылығы,

Онсыз, сірә, күн кеше ме майдалар?

Әйтсе-дағы бір сыр шерттің ойланар.

Мына сенің қанатың сау, ал содан,

Жұртқа қандай пайда бар?

Ауыр еді бұл сұрақтың салмағы,

Елдің көбі Қаршығаны қолдады.

Баз біреулер тұрып алды табандап

Бұлбұл әнін жерге соға жамандап.

Тек Қарақұс қалыс қалды...

Келмеді оның тіпті көзге түскісі.

Өнерінің құдіреті жағынан

Бұлбұл, сөзсіз, құс біткеннің күштісі.

Мақтар еді жарылып бір ағынан,

Ой шырмаған қызғаныш ит тағы бар.

Ал даттауға қорқатын ол Бұлбұлдың

Үлкен болашағынан.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
НаsтяПоможет777
НаsтяПоможет777
29.06.2022 21:39

Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрбір ана бақытты өмірді, тыныштықты тілейді. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алған. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, қасиетті жан. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен деген.

Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім тез ашуланатын мінезім бар. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым» деп өкініп қаламын. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды адам. Осындай сәттерде мен анама барып, көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын.

Анам ауырып қалған кезде мен анамның амандығын тілеймін. Бұл өмірде достарым, туыстарым қаншалықты көп болғанымен, олардың жаны анамдай ашымайтындай болады. Анашым – отбасының тірегі. Барлығы жасы үлкен - кіші туыстарым бір істі бастарда немесе басқа да жағдайларда менің анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып реттейді, кеңес береді. Анам – ажарлы кісі. Анамды қатты жақсы көремін. Анашым мені түсінетіне күмәнім жоқ. Анам ауырмай ұзақ өмір жасаса екен деп тілеймін. Анасыз өмір не болмақ?! Анам аман болсыншы! Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілеймін.

Объяснение:

вот надеюсь

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота