1. Ғаламның генетикалық қорын не құрайды?
2. Биоалуантүрліліктің үш әртүрлілігі қандай?
3. Экологияның мақсаты – не?
4. Биоалуантүрлілікке не жатады?
5. Жануарлар мен өсімдіктердің азаюы мен жойылуына не себеп болды?
6. Табиғаттағы биоалуантүрлілік адамзатты немен қамтамасыз етіп келеді?
7. Биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың қандай жолы бар?
Дулаттың арнау өлеңдері ішінде «Ақтанға» деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді. Ақын Ақтан бала ер жетіп, «бадана көз тоғыз тор сауыт» киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.Ақынның ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы.Ақын Ақтанның ел үміт күткен сондай жас болуынан үміттенеді.Талмай талпынса, қайраттанып алға ұмтылса, жетім Ақтанның да кейін қатарға қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол.
Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.[2]