1. Адам өмірінің ұзаруына, салауатты өмір сүруіне таптырмас құралды анықтаңдар. А) сұлулық В) шыдамдылық С) спорт Д) жаттығу Е) саяхат 2. Данияр Елеусінов кім болғанын анықтаңдар.
А) боқсшы В) күресші С) желаяқ Д) футболшы Е) шахматшы
3. Футбол ойынның Отанын табыңдар.
А) Сидней В) Англия С) Рессей Д) Қазақстан Е) Үндістан
4. Қысқы спорт түрін анықтаңдар.
А) ауыр атлетика В) футбол С) күрес Д) шаңғы тебу Е) шахмат
5. Футбол командасында неше ойыншы болады?
А) 10 В) 11 С) 12 Д) 9 Е) 13
6. ХХХІ РИО олимпиада ойындардында Қазақстан қанша медаль алды?
А) 11 В) 19 С) 17 Д) 21 Е) 12
7. Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.
А) көкпар В) шаңғы тебу С) теңге алу Д) аударыспақ Е) асық
8. Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысты?
А) 100 В) 102 С) 104 Д) 106 Е) 108
Әңгіме
Зиянкестер.
Адам дұшпаны болатын секілді,кез келген тіршілік иесіне өз зақымын тигізетін тіршілік иелері де болады.Оларды біз зиянкестер деп атаймыз.Зиянкестер – адам,жануарлар мен өсімдіктер бойында әр түрлі ауру қоздырғышын таратып,зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы.Зиянкестер адамнан бастап әр түрлі шаруашылық салаларына біршама апат алып келеді.
Мысалы,ауыл шаруашылық зиянкестері — егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап,түрлі аурулар таратады. Олар:кемірушілер,бауыраяқты ұлулар,жұмыр құрттар және тағы да басқа. Зиянкестердің де ішінде жиі кездесетін түрлері: шаян тәрізділер,көп аяқтылар және өрмекші тәрізділер.Зиянкестердің түрлері көп және олардың өсімталдығы жоғары дәрежеде.
Адамның зиянкестері адамды ауруға шалдырып,ең ақыр аяғында ауруханаға жөнелтеді.Жануарлар мен өсімдіктердің зардап шегуі – азық-түліктің азаюына әкеп соқтырады.Сондықтан да,қазіргі таңда зиянкестермен күрес қарқынды жүруде.
Көшпенділер дегенде көбіне өз ата бабаларымыз есімізге келеді. Қазақтар бағзы заманнан қазіргі уақытқа дейін мал бағып малдың қамымен көшіп қонып жүре берген. Тек қана соңғы жүз жылдың ішінде индустрияландыру заманында және кешегі Сталиннің ұжымдастыруының есебінен орнықты өмір салтына көшіп кетті.
Көшпенді халықтар көбіне жылына кем дегенде екі рет көшіп отыратын болған. Жазда жайлауда кең жерлерде өмір сүрсе, қыста суықтан сақтану үшін тау бөктерлерінде пана жерлерді таңдайтын болған.
Көшпенді халықтар көбіне уақытын ат үстінде өткізген. Сонымен қатар олар үнемі мал үшін ыңғайлы жерлер іздеумен болған. Соның бір мысалы ретінде Асан қайғыны айтуға болады. Ал жақсы жерлер үшін талас та әрқашан қиын болған. Сондықтан олар көп соғысып жүрген.