1. Абайды оқы, таңырқа!
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың
өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.
2. Қазақ қолөнері. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қолөнер
бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін білесін? Сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібіне сай етіп эссе құраңыз.
Бәдік айтысы
Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.
жануарлар мен адамның айтысы
Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.
Иесі:Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?Биылғы жыл соғымға сояйын ба?Биылғы жыл соғымға сойып алып,Танабайға жаяңды қояйын ба?
Сиыры:Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,Қу шолақты соялық дескеніңде,Қу шолақты соғымға сойып алып,Бүржекейден көрермін көшкеніңді.
Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады
Жұмбақ Айтыс– айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.
Мысал айтыс (өлімен тірінің айтысы)
Мысал айтыстарды тиімді тәсіл ретінде айтыс формасын пайдалану деп түсінгеніміз жөн. Зерттеушілердің көбі мысал айтыстарды мазмұнына қарай бөліп алып, жеке түр ретінде талдайды. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы: «Ел әдебиетінің түрі көп. Осы түрлерден ескерілмей келе жатқан түр – аруақпен ай- тысу» деп жіктейді. Қазақ халқы өлген адамның рухын, аруағын аса қастерлеген. «Аруақ аттамау», «Аруаққа тас атпау» деген ұғымдар, «Өлі разы болмай, тірі байы- майды» деген сияқты мақал-мәтелдер осы ойымызға дәлел болса керек. Х. Досмұхамедұлы да осы жайды атап айта отырып, там салу, ас беру, өліктің аруағына сыйыну секілді ырымдардың қазақтың шамандығынан қалғанын ескертеді. «Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жау- ап береді. Мола басында айтыс болады», – дей келе, «аруақпен айтысу – жоқтаудың бір түрі», – деп түйеді. Біз бұл айтысты мысал айтысына жатқыздық. Себебі, шығарманың пішіні – айтыс, ал сарыны – жоқтау емес, сүйген жарға деген сағыныш, үйде отырып зарлану емес, ерінің топырағын құшып отырып арманын айту. Аруақпен айтысу мағыналық тұрғыдан осылай аталғанымен, мұндай мысал айтыстың «Айтыс» жинағында екі түрі жарияланыпты. Біреуінде ері өлген әйелдің күйеуімен өзара сөйлесуі (Аймаңдай мен Бабас), екіншісінде қалыңдығы өлген ер жігіттің жарымен айты- суы (Ақбала мен Боздақ). 1942 жылғы жинақта бұл айты- стар «Дін айтысы» деген атпен, ал кейінгі жинақтарда «Әдет-салт айтысы» деген атпен жарияланыпты
Объяснение: