№1 1-ші жақтағы тәуелдік жалғауды жалғаңдар. / Добавьте притяжательные окончания 1-го лица. Менің арқам, біздің емтиханнын, біздің топ, менің шаруа,
менің көңіл, біздің мақсат, менің жігіт, менің жоспар,
біздің қорап, менің киім, біздің мұражай, менің жемпір,
біздің жеңіс, менің нәрсе, біздің тізім, біздің кітапхана.
№2 2-ші жақтағы тәуелдік жалғауды жалғаңдар. / Добавьте притяжательные окончания 2-го лица.
Cенің уақыт___ , сіздің өтініш, сенің үтік, сіздің қате,
сенің кілт, сіздің көше, сіздің сөмке, сенің белбеу,
сенің тамақ, сіздің жоба, сенің қуаныш, сіздің емтихан,
сіздің кезек, сенің мақала, сенің ұйқы, сіздің ереже.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.