В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
ilyavital
ilyavital
11.05.2022 14:37 •  История

Тақырып: «Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы» (Оқулықта 106-бетте) Қысқаша конспект: ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында Орынбор мен Омбы тарапынан патша үкіметі әскери күштерінің ілгері жылжуы басталды. Сырдарияның бойында әскери шегара шебі құрылды. Жетісу жерінде казак әскер- лері орналасты. Орта Азиядағы мемлекеттерді- Хиуа, Қоқан, және Бұқар хандықтарын бағындырудың сәті түсті. ХІХғ екінші жартысында Ресей империясында өнеркәсіп пен сауда күшті қарқынмен дамыды. Тауар өткізудің жаңа көздері қажет болды. Міне осындай жағдайда Ресей империясы Қазақстанды түпкілікті жаулап алуға және одан әрі Орта Азия мемлекеттерін бағындыруға кірісті.

ХІХғ І-жартысында Ұлы Жүзде біртұтас хан билігі қалмады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі Ресейдің қол астына өте бастады. Оңтүстік Қазақстан жаулап алу үшін Ресей империясы әскери бекіністер сала бастады. Аягөз, Ақтау, Ұлытау. Қапал бекіністері бой көтерді. 1848 жылы Ресей империясы Ұлы Жүз үшін пристав лауазымын бекітті. 1854 жылы Верный бекінісі (қазіргі Алматы) бой көтерді. 1859 жылы Ұлы Жүз бен Қырғыз шегарасы аймағында Қастек бекінісі салынды. 1860 жылы Ресей әскері Тоқмақ және Пішпек (Бішкек) бекіністерін басып алды. 1860 жылы Ұзынағаш түбінде шешуші шайқас болды. 1864 жылы Ресей әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларына шабуыл жасады.

ТАПСЫРМА: Оқулықтың 106-112 беттерін пайдалана отырып орында

Кестені толтыр:

Жылдар Оқиғалар

ХІХғ. 20-жылдары

1848 жыл

1854 жыл

1859 жыл

1860 жыл

1864 жыл

1853 жыл

1865 жыл

1867 жыл
Мне очень нужно незабирайте я неразбираюсь в историй ​

Показать ответ
Ответ:
grek1990
grek1990
18.01.2021 15:20

Ұлы жүзің Ресейге қосылуы - Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулие-атаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: История
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота