Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.