В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
annagubina78mailru
annagubina78mailru
14.07.2020 22:10 •  История

Үндістандағы феодалдық жеке меншіктегі жерлер

Показать ответ
Ответ:
Shatunova1976
Shatunova1976
22.11.2020 10:44

VI-VII ғасырларда Үндістанда феодалдық қатынас толық үстемдік ала бастады. Үндістан жеріндегі Ганг және Үнді өзендерінің жағасында тұратын тайпалар бірігіп, мемлекет құруға бет алды. Біртұтас халық болып қалыптасуға ортақ мәдениет және ортақ тіл негіз болды. Ертеден келе жатқан индуизм мен санскрит тілдері халықтардың ортақ тіліне айналды. IV-VI ғасырларда Магадхи жерінде сол кездегі ең ірі Гупта империясы құрылды. Гупта әулетінің билігі Чапдрагуптаның (320-340) қолына тиеді. Оның баласы Самудрагупта (340-380) тұсында Гупта мемлекеті күшейіп, Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Үндістанды биледі.

Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі - әлеуметтік каста жүйесінің болуы. Әлеуметтік касталар брахман,кшатрий, вайший,шудра деп аталады. Сонымен қатар касталарға кірмеген қоғамның ең бір қорғансыз бөлігі кесапаттылар деп аталған. Дүниеге келген әрбір үнділік абыздар, ақсүйек жауынгерлер, егіншілер, қызметшілер топтарының біріне жататын болды. Абыздар мен ақсүйектер елдің саяси биліғі тізгінін ұстады, қызметшілер ең кедей топқа жатты. Қызметші касталарымен сөйлесу, жақындап бірге жүру немесе бір үйде отыру абыздар мен ақсүйектер касталарында жиіркеніш туғызатын.

VII-XII ғасырларда Үнді жерінде феодалдық қатынас тереңдей түсті. Мүлік теңсіздігі күшейіп, феодалдық тап қалыптасты. Ірі феодалдық жер иеліктері үлғая түсті. Жер патша иелігіндегі мемлекеттік меншік болып саналды. Патша бүкіл жерді 4 иелікке бөлді:

1) мемлекеттік мүддеге пайдаланылатын жер;

2) патша қызметкерлеріне арналған;

3) аскан қабілетімен көзге түскен адамдарға сыйға тартылатын жер;

4) дін қызметкерлеріне берілетін жер.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: История
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота