Қарақұмдағы халық құрылтайы өтуіне сол кездегі қандай тарихи тұлға ықпал етті? Ордабасы құрылтайына қай хан бас қолбасшы болды?
Қарақұм жиынына қатысқандардың пікірлері ортақ болды ма? Қандай пікірлер айтылды?
Сол кездегі атақты үш би есімдерін ата. Біреуіне қысқаша мәлімет беріп дәптеріне жаз.
Маңызды шайқастардың атауы мен жылдарын дәптеріне жаз.
Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект
Қарақұмдағы халық құрылтайы. Қарақұм құрылтайы- 1710 жылы үш жүз өкiлдерiнiң жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшiн құрылған жиын. Ол Арал теңiзiнiң солтүстiгiндегi Қарақұм алқабында өттi. Бұл бас қосуға ықпал жасаған Тәуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқаруды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Қазақтардың қорғаныс қабiлетiн нығайту үшiн сұлтандар билiгiн шектеп,үш жүздi жауапты билер арқылы басқаруға ұмтылды. Жиынға қатысушылардың пiкiрлерi ортақ болған жоқ. Олардың бiр бөлiгi жоңғарларға бодан болуды жөн көрсе, кейбiреулерi аңысын аңду пиғылын ұстанды. Дегенмен Қанжығалы Бөгенбай батыр халықты жоңғарларға қарсы шабуыл жасауға көндiрдi. Бұл басқосуда хандар арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мәселе көтерiлдi. Оған үмiткерлер Қайып сұлтан мен Әбiлқайыр болды. Жасақтарға Бөгенбай жетекшi болып сайланса, хан билiгi Әбiлқайырға берiлдi.
Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты үш биге ескерткіш орнатылған.
өтініш Алла разы болсын!❤️
1)жонғарлар әсер еткен
2)Әбілқайыр
баскаларын білмеим кешір