РОПИКТІК БЕЛДЕУЛЕР – Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы, субтропиктік және субэкваторлық белдеулер аралығындағы табиғи географиялық белдеулер. Негізінен 20` – 30` солтүстік ендік және оңтүстік ендік аралығында жатыр. Тропиктік белдеулерде құрғақ және ыстық тропиктік климатты қалыптастыратын пассаттық айналым басым; жер шарындағы ауаның ең Жоғарғы температура көрсеткіші байқалады. Құрлықтардың (әсіресе Африка мен Азияда) батыс және орталығы бөліктеріндегі өте үлкен кеңістікті алып жатқан ландшафттың шөлдік және шөлейт түрлері кең таралған. Үлкен аумақтарда беткі ағын жоқтың қасы, өзендерінің көбі құрғап қалады. Шөлдерде көбіне топырақ жамылғысы болмайды, өсімдіктері сирек. Құрлықтардың шығыс шетіндегі (әсіресе Оңтүстік және Шығыс Азия, орталығы Америка) Тропиктік белдеулер аймағында мұхиттардан келетін муссондар мен пассаттар әсерінен ылғалдылық өте жоғары. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 – 2000 мм, өзендерінің суы мол. Шөлейттер мен шөлдер саванналарға, жапырағын тастайтын және мәңгі жасыл ормандарға ауысады. Құрлықтардың батыс және орталығы бөліктері көбіне жайылымды мал шаруашылығы мен суармалы егістік орталығы, шығысында суармалы (сонымен қатар террасалы) және тәлімі жер, плантациялық шаруашылығы (күріш, батат, цитрус, құрма, банан, ананас, т.б. тропиктік және субтропиктік дақылдар) дамыған. Тропиктік белдеулер мұхит суының температурасы мен тұздылығының жоғары болуымен сипатталады.
скачай решение задачи и кайфуй