Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай күйін ауа райы дейді. Атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық ауа райының элементтері; ал жауын шашын, жел, тұман, бұлт ауа райы құбылыстары.
Ауа райының жай күйі тек қана бір белгісіне, айталық, температураға немесе жауын шашынға ғана емес, барлық элементтер мен құбылыстарының жиынтығына қарап анықталады. Мәселен, ауа райына тек қана «салқын» деп анықтама беру жеткіліксіз. Салқын ауа райы желді, бұлтты, жаңбырлы, бұлыңғыр және т.с.с. болуы мүмкін.
Ауа райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады. Оның элементтері мен құбылыстарының барлық өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады. Екінші сөзбен айтқанда, ауа райы мүлде басқаша сипат алады
Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі А. р-ның өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. өлшемдермен және атмосфералық құбылыстармен тұман, найзағай, боран, дауыл сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат деп аталады.