Задача: построить эпюры продольных сил и нормальных напряжений для стального ступенчатого бруса и определить полное удлинение (укорочение) стержня. Модуль продольной упругости материала стержня Е=2∙105 МПа.
Исходные данные: F1=70кН, F2=120кН, А1=16см2, А2= 8см2, А3=12см2, а1=10см, а2=40см, а3=70см, а4=80см.
Білім • 18 Шілде, 2018
Мағжанның «Батыр Баяны»
18171 рет
көрсетілді
Мағжан Жұмабаевтың ақындық кемеліне келгенде жазған поэмасы – «Батыр Баян». Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған осы поэмада Мағжанның өмір туралы ұстанымы, көзқарастары жыр қанатында самғап, өнер қалыбына құйылған.
Egemen Qazaqstan
Ежелгі ер түріктің бесігі, екі дүние есігі болған Түркістан, Тұранмен қатар Мағжан үшін Көкшетаудың да қазақ тарихындағы орны ерекше. Олай болатын себебі бұл жердің Абылай, Кенесары сияқты халық қамын жеген арыстардың мекені болғандығынан да. «Ертеде қоныс болған Абылайға» деген жолдан бастап, оқырман Мағжанның соңынан еріп, оқиға желісіне түседі. Бір жағынан орыс, екінші жағынан қытай – екі оттың ортасында қысылған қазаққа ол аз дегендей, енді қалың қалмақ шауып, өкпені қыса түседі. «Елге қорған болған Абылайдың» ақ ордасында осы жағдайдан шығудың жолын ақылдаспаққа жиналған үлкен жиын... Негізінен тарихи оқиғаларға, деректерге сүйеніп жазылған поэмада Байжігіт, Тасболат, би Толыбай, Қанай, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Жанатай, Бәсентиін Сарымалай, Оразымбет, Елшібек, Жәнібек, Жәбек, Сырымбет, Қарабұжыр сияқты белгілі би, батырлардың есімдері аталады. Жиын біреуді күтіп, бірнеше күнге созылады. Ханның өзімен бірде олай, бірде бұлай сөйлесіп, кейде сөзге келіп қалатын дала батырларының осы күйі былайша суреттеледі:
«Батырлар бұғаудағы арыстандай...
Көкшенің бауырында өңшең көкжал.
Күңіреніп күтіп жатты,
күндер талай».
Осыншама би-батырлардың күтіп жатқаны батыр Баян болатын. Абылай ханнан бастап өңшең көкжалдардың қыбыр етпей күтіп жатуларына қарағанда, батыр Баян тегін адам емес. Ер Көкшенің, Ер Қосайдың ұрпағы батыр Баян да – тегіне тартып туған нағыздың өзі. «Қазақтың батырлары бәрі қыран, Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап». Сол батырдың батыры Баян күтпеген жерден бір оқыс оқиғаға тап болып, алқалы жиынға кешігіп жатқан... Автор осы жерде шегініс жасап, батыр Баянның басын шырмап қалған жағдайды баяндауға көшеді.
Жоңғарларға жасаған бір жорықта батыр Баян он төрт жасар, бөбек дерлік бір аруды олжалап қайтады. Батырдың қалмақ аруын сүйіп қалғандығы да байқалады. Жақсы көріп, құлай сүйген адамның жүрегін ғашығының арбап, жаулап алып, тырп еткізбей тастайтыны бар емес пе еді? Батыр Баян да сондай күй кешеді.
Ақшамаңдай аруды көргенде Баянның інісі, он бес жасар Ноян оған бірден ғашық болады.
«Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті».
Романтикалық көтеріңкі леппен жырланып, әсірелеу амалының қолданылуы өлең жолдарын тым ажарландырып, әсерлендіріп жіберген. Жүрегіне ұшқын түсіп, аяғы өртке айналған жап-жас Ноян от боп жанып, аласұрады.
Поэмада қалмақ қызы Ақшамаңдай «сұм сұлу» аталып отырған. Мұндағы «сұм» эпитет ретінде тегіннен-тегін қолданыла салмаған. Ол өзін батыр Баянның жақсы көргендігін пайдаланып, қулығын бір асырып жүрсе, Ноянның құлай сүйгенін сезіп, өзінің жасырын ойларын жүзеге асыруға шындап кіріседі. Азаттыққа ұмтылу – өмірдің заңы. Мағжанның қызды «сұм сұлу» деп отырған себебі – қыздың айласын асырып, оның соңының орны толмас қайғылы оқиғаға апарып соқтыруы; алдымен, Ақшамаңдайдың өзі мен Ноянның, одан соң қиын-қыстау кездерде еліне қорған боп жүрген батыр Баянның мерт болуы, Баянға еріп жорыққа шыққан қазақ жауынгерлерінің көзсіз ерлікке барып қырылып кетуі.
Сонымен қалмақ қызының сұлулығына арбалған және мен сендікпін, тек әке-шешемнің алдынан өтейін деген қыз сөзіне нанған Ноян көнеді де, екеуі қашып шығады
Объяснение:вот осылай болу керек)♕:-)
don't be nervous. — не волнуйтесь.
he is indifferent about this problem. — он равнодушно относится к этой проблеме.
there are various reasons for believing so. — есть ряд оснований в это верить.
his ill health made him irritable. — плохое здоровье сделало раздражительным.
she desires to remain neutral in the dispute. — она не хочет принимать чью-либо сторону в споре.
english was a required subject - был обязательным предметом.
prices change according to demand and supply. — цены меняются в зависимости от спроса и предложения.
don't let him bother us with his nonsense. — не позволяйте ему надоедать нам своими глупостями.