В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
valoparina
valoparina
21.04.2021 03:57 •  Другие предметы

Транспорт Киева реферат

Показать ответ
Ответ:
Yanuska224
Yanuska224
06.04.2022 22:53

ответ: азамат соғысынан кейінгі ақш-тағы идеялық-саяси күрес

«прогрессивтік дәуір». т.рузвельт

жұмысшы қозғалысы

экспансионизм. «үлкен шоқпар дипломатиясы» мен «доллар дипломатиясы».

хіх ғ. соңы мен хх ғ. басы американ ң қауырт ған кезеңі болды. көшіп келушілердің санының күннен күнге көбеюіне байланысты халық саны бұрын соңды болмаған қарқынмен өсіп отырды. 1871 ж. 1913 ж. дейін ол 39,8 млн-нан 96,5 млн-ға дейін көбейді.

хіх ғ. соңы мен хх ғ. басында ақш өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, кәсіпорындардығ техникалық жабдықталуы және еңбек өнімділігі жағынан дүние жүзінде бірінші орынға шықты. ол , германия және францияны қоса есептегендігінен көп шойын мен болат қытып, тас көмір өндірді.

азамат соғысынан кейінгі ақш-тағы идеялық-саяси күрес. хіх ғ. соңғы үштігінде ақш-та президенттік типтегі республика мен қоспартиялық жүйе түпкілікті орнады. солтүстіктердің жақтастары республикалық партияның жетекші тобын құраса, оңтүстіктердің жақтастары демократиялық партияда көпшілік болды. хіх ғ. соңында үкімет басында үздіксіз республикашылар тұрды. ақш-та кәсіпкерлер мен саудагерлердің бәсекесіне шектеу қойып, өзара келісулер арқылы тұтынушыларға монополиялық бағаларды таңушы трестер мен картельдерге қарсы күрес өріс алды. 1890 ж. конгресс сенатор шерман ұсынған «трестерге қарсы» заңды қабылдады. шерман заңы «кез келген бірлестіктер, келісім және монополия» тарапынан өндіріс пен саудаға шектеулер қоюға тыйым салады.

хіх ғ. соңында америка фермерлерінің арасында теміржол, өнеркәсіп және сауда монополияларына қарсы бағытталған көпшілік қозғалысы пайда болды. популистік партия (латынша популис – «халық» деген ұғымды білдіреді) құрылды. популистер талаптары монополияларға қарсы сипатта болды. олар теміржолдарды, телеграф пен телефонды, артық жерлерді мемлекет қарамағына алуды, байларға салықты арттыруды талап етті. құрамында 1 млн. мүшесі бар антиимпериалистік лига да белсенділік көрсетіп, экспансиялық саясатқа қарсы көптеген наразылық митингілерін ұйымдастырды. расизмге қарсы күресті 1909 ж. негізі қаланған, ақ нәсілділер мен қара нәсілділерді біріктіретін, қара нәсілді халықтың көмек көрсетуші ұлттық ассоциация жүргізді. оның белсенділері баспасөз беттерінде, соттар мен заң шығарушы органдарда ақ нәсілді емес халықтың құқықтарын қорғады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
данилдунаев
данилдунаев
23.06.2022 17:40

Жыл мезгілдері– аспан сферасы (эклиптика) бойымен қозғалатын Күннің көрінерлік қозғалысына және табиғаттағы маусым өзгерістеріне байланысты жылдың кезеңдерге бөлінуі.

Ежелгі дәуірде адамдар жылды әр түрлі бөліктерге бөлген. Үнді мұхитының аралдарындағы тайпалар муссон желінің соғуына қарай, жылды екі мезгілге бөлген. Олардың жерінде муссон 180 – 185 күн оңтүстік-батысқа қарай, содан кейін 180 – 185 күн солтүстік-шығысқа қарай соғады. Орталық Африка тайпалары өз жерлерінде ауа райының нөсер жауынды, қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына қарай жылды үш мезгілге бөлген. Осы күнгі халықтардың көпшілігі жылды жазғытұры (көктем), жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөледі. Бұлай бөлуге тиянақты астрономиялық негіз бар. Жердің орбитасы, яғни оның Күнді айналып жүретін жылдық жолының түрі эллипс түрінде болады. Жер эллипстің доғасын бойлап, орбита бойынша Күнді айналумен бірге өз осінен де айналып тұрады. Ол өз осінен бір рет айналып шыққанда бір тәулік уақыт өтеді. Жердің «күнгейі» немесе «теріскейі» жоқ, осьтен айналу салдарынан оның бетіндегі нүктелер, мысалы, қалалар тиісті ретімен Күн жаққа ауысып отырады. Жердің жарық түскен жарты бетінде күндіз, көлеңкеде қалған жарты бетінде түн болады. Жердің осі – ойша болжанатын геометриялық түзу сызық. Бұл ось Жердің полюстерінен өтіп, оның Күнді айналу орбитасы жазықтығында жуық түрде 66°33` бұрыш жасайды. Осьтің бағыты өзгермейді деуге болады (мардымсыз аз өзгерісі есепке алынбайды). Егер Жердің осі оның Күнді айналу орбитасы жазықтығына перпендикуляр болса, Күн сәулелері Жер бетінің әрбір нүктесіне бүкіл жыл бойы біркелкі түсіп, оны үнемі біркелкі жылытып отырар еді, яғни Жыл мезгілдері ауы еді. Күн мен түн де ұзарып-қысқарып отырмай, өзара тең 12 сағаттан болар еді. Жер әрі Күнді, әрі өз осінен айналып жүретіндіктен және осінің бағыты өзгермейтіндіктен, орбитаның АВС доғасында оның оңтүстік полюсі (S) көлеңкеде қалады да, солтүстік полюсіне (N) жарық түсіп тұрады, ал CDA доғасында – солтүстік полюсі көлеңкеде қалады да, оңтүстік полюсіне жарық түсіп тұрады. Сондықтан полюстерде жарты жыл түн – қараңғылық болады да, жарты жыл күндіз – жарық болады. Солтүстік полюстің түні қыркүйектен наурызға дейін созылады. Жер экваторындағы нүктелер ұзақ уақыт көлеңкеде қала алмайды, олар ретімен жарты тәулік Күн жаққа шығып, жарты тәулік көлеңке жақта болады. Экватор мен полюстер аралығындағы жарты шарларда күн мен түн бірде қысқарып, бірде ұзарып отырады. Бұл жарты шарларда күн мен түн жылына екі-ақ рет A және C нүктелерінде теңеледі. 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұры (Оңтүстік жарты шарда – күзгі) теңелу күні. 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңтүстік жарты шарда – жазғытұры) теңелу күні. B және D нүктелерінде күн тоқырайды. Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні. Астрономиялық тұрғыдан алғанда, орбитаның АВ бөлігі жазғытұрымға, яғни көктемге (20 – 21.3 – 21 – 22.6), ВС – жазға (21 – 22.6 – 23.9), СD – күзге (24.9 – 21 – 22.12). DA – қысқа (21 – 22.12 – 20 – 21.3) сәйкес келеді. Оңтүстік жарты шарда Жыл мезгілдері бұған кері, яғни АВ күзге, BC қысқа, CD – жазғытұрымға, DA жазға сәйкес болады. Астрономиялық Жыл мезгілдерінің ұзақтығы бірдей емес: көктем 92,8 күн, жаз 93,6 күн, күз 89,8 күн, қыс 89 (кібісе жылдары 90) күн. Жылдың бірінші жартысы 186, екінші жартысы 179 (180) күн. Демек, Жер орбитаның АВС бөлігінде шапшаң, CDA бөлігінде баяу қозғалады. Оның орбитадағы орташа жылдамдығы сағатына 108 мың км. Күнделікті тұрмыста наурыз, сәуір, мамыр – жазғытұры айлар, маусым, шілде, тамыз – жаз айлары; қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары; желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары болып есептеледі.[1]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота