В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия

проволоку диаметром 4 мм испытывают на растяжение к ней приложили силу 30 кн.После снятия нагрузки длина проволки стала 145 мм,до испытания 90мм. Найти деформацию растяжения,относительное удлинение

Показать ответ
Ответ:
KiraKen
KiraKen
02.01.2023 18:04

Өмір – адам үшін Жаратқанның тамаша сыйы мен таңқаларлық сыны. Тірліктің тәттісіне тойымсыз пенде жалғанның жалтырағына масаттанып, оның усойқы шырмауығына қалай шырмалып, шырғалаңға түскенін де білмей қалады. Атақ-абырой, шен-шекпен, бақыр-байлық, дүние-думанда да қанағат қадір екенін ұмытып, у ішеді де, естен танады. Орынсыз өкпелеп, текке тіл безеп, жанын шырылдата жанталасып, даңғой дарақыланып, беймаза күй кешеді. Басқа қонған бақ пен қолда бардың бағасын білмей, тағы да у ішеді де, сары уайымға салынады. Шіркін, осы ушыққан дертке шипа боларлық ем-дәр у бар ма екен?! Тірліктің «алқындысынан» тым құрыса қас-қағым сәтке ес жиып, жүрегіміздің соғысына құлақ қойып, оның айтар сырын тыңдап көрелікші.

Жүректі мазалаған бұл ойлар ескінің естелігі немесе болашақтың болжамы емес, заманға өзіндік, өзгеше заманауи көзқарас. Сағыныш та емес, қиял да емес, заман мен замандас туралы ой, оларды жаңаша танып, жете түсінуге талпынған жүректің сыры. Кезінде ақын Мұқағали Мақатаев:

«Мен іздеген нұр-бақыт,

ұстатпаса, зуласын.

Тек жүрегім бір уақыт,

Жүксіз қарап тұрмасын.

Жүрек болып туғасын...»,

деп қазақ жырының жүрекке жүгінгенін өзінің өлең жолдарында көркем өре отырып «Соғады жүрек» атты туындысын дүниеге әкеліп еді.

Иә, жүрек болып туғасын... жанады, өмірді жан-тәнімен сүйеді, сағынады, еске алса, жабығады да жұбанады. Ал, өмір маусымдарын зерделесек, «Көктем-жүрек» – балауса шақ, «Жаз-жігер» – нағыз қамал алып, орда бұзар кезең, «Күз-ақыл» – ата атанып, бәйгеге қосқан жүйрігіңнің тізгінін тартар тұс. Соның бәрінен сүрініп жүріп те сергек өткен адам үшін немере сүйіп, ұрпақ қызығына ағыл-тегіл шаттанатын және оларға ақ батаңмен ақжол тілейтін мәуелі маусым – «Қыс-парыздың» да орны ерекше-ау! Бірақ, Көктемің – жырлы, Жазың – бәйгелі, Күзің – сырлы, ал Қысың – сабырлы болсын десең, сол есею кезеңдерінің алмасқан сәттерін дер кезінде жазбай аңдап, соған лайық мінез таныта білсек, қандай! Жалғанның оп-оңай жазым етер алдамшы «қызығына» босқа малданып, текке арамтер болмай, өзіңнің жас пен жасамыс, егде мен еңкейген жылдарыңның әрқайсысының бағасын біліп, қадір-қасиетіңді жоғалтпау ләзім шығар.

«Атысу, аңдысу мен таласудың,

Санасу, табысу мен жарасудың,

Мінезін мынау а ң

Білсем деп құпиясын аласұрдым...»

(М. Мақатаев, сонда).

Тірліктің тәтті ұйқы мен ашкөз қомағайлықтан, яғни өзіңді-өзің еркін меңгеріп, ерік-жігеріңді билей алмаудан асқынатын әсіре «қызылы» мен әзәзіл ләззатына салынып, көрсеқызарлық, құмарлық, мансапқорлық, дүниеқоңыздық сияқты сырқатына шалдықсаң-ақ, шектен көп шекер де «У» - ға айналып, тірідей «жерлеп» тынады. Сондықтан адам рухы асқақ болып, тән оның құлы ретінде қызмет етсе, шіркін! Керісінше жағдайда, пенденің хайуаннан айырмасы, фәниде мән-мағынасы жоқ. Кемеңгер Шәкәрім қажы айтпақшы: «Тән – терезе, ой қожасы; оймен анық байқасаң» немесе «жан қожа тәнге, тән құлы; еріксіз айдап жүр демек».

Жан адамды жүрек арқылы билейді. Жүрек аса сезімтал: көреді, естиді, сөйлейді және талдайды, зерделейді, түйіндейді, шешім қабылдайды. Жүрек сезім пернесі арқылы тыныстайды және өз әмірін тағы да сол сезім құдіреті арқылы жеткізеді. Ал, сезімнің дүр қасиетін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе?! Көк жүзінен себезгілеген сәуледей жарқын, самал сүйген гүлдей нәзік, телегей теңіздей тұңғиық, кеңістіктей шексіз де шетсіз ол... нәзік, мөлдір, терең, сыршыл, жүйрік, намысшыл және мейірімді, қатал, аса кешірімшіл. Себебі, ол алғыр, адал, сабырлы, жанашыр, батыр, зерделі, өкпешіл, аса әділетті.

Жүректен туса солай, жүректерге жетеді. Қуантады, ренжітеді, толғантады, тебірентеді. Маңдайыңды, тіпті тасқа ұрғыза отырып та үйретеді, үлгі етеді. Сезім сөлін сезіне алсаң, көгінде шарықтап, тереңінде тебірене алсаң, «өмір» деп, лүпіл қаққан жүрек тілін түсіне алсаң, адам деген атты ардақтай алсаң, үкілеп, үміт артады. Алға мақсат қоясың, арман қанатында қалықтап, шыныға түсесің, адам боп өтуді аңсайсың. Егер сезім селкеу тартса, сөзде салмақ, істе қадір, тірлікте мағына қалмайды. Адамға тән асыл қасиеттерді азырқанып, оларды нағыздандырмақ болып нағыз адам, жаңа адам, нағыз батыр, нағыз ғалым, нағыз туыс, тіпті мөлдір махаббат, т.с.с. іздеп әлекке түсетініміз де сол адами құндылықтардың сұйылған татымсыз сиқы ғана. Шындығында, адам мен оған тән адами қасиеттер – ешқандай қосымшасыз-ақ асқақ.

Сезім – қатал. Шынайы болған соң солай. Найзағайдай жарқылдайды, жаныңды шүберекке түйесің. Жүректен туған соң солай. Сене тұрып, сүйе тұрып алдансаң. Аянбайды ол. Небір қатыгез қару-жарақ та, зәрлі зілзала да оның жанында түкке тұрмайды. Ештеңені бүйім көрмейді. Сезім наласы жойқын. Назаланған жүрекке де, жазаланған жүрекке де – жантәсілім. Жарады, жарылады. Жалын жүрек күрт суынса – күлпарша. Жүректегі жарылысқа тең келетін ешқандай қуат жоқ.

Сезім – сабыр екен... сарыуайымға салынбай, сабыр табу да рухқа тәуелді-ау!

0,0(0 оценок)
Ответ:
erniaz2005
erniaz2005
05.08.2021 06:38
1. Дима и Оля, студенты третьего курса очного отделения колледжа, поженились шесть месяцев назад. Они живут отдельно от родителей в съемной квартире. Оля находится на третьем месяце беременности. Дима после учебных занятий работает разнорабочим в магазине. Молодого человека очень раздражает то, что после работы он не может нормально поужинать, так как Оля, по ее словам, «не умеет и не хочет готовить». Кроме того, в квартире постоянно не убрано, раковина полна грязной посуды. Много времени у Оли занимает общение с подругами. Молодые супруги постоянно ссорятся по этой причине. Выходные дни они проводят не вместе, так как Оля не разделяет увлечение Димы рыбалкой. Ей больше нравится посещать кинотеатры и кафе.
1. Определите учреждения и организации, а также специалистов, способных оказать помощь молодой семье в преобразовании трудной жизненной ситуации (ТЖС). Какие пособия полагаются женщине после рождения ребенка.
2. Опишите возрастные особенности каждого члена семьи и круг психологических проблем.
3. Можно ли отнести данную семью к категории «молодая семья», объясните почему? Какие технологии социальной работы можно применить в данном случае? Обоснуйте выбор форм, методов необходимой помощи семье.
4. Составьте алгоритм действий специалиста по социальной работе по оказанию социальной помощи членам молодой семьи, созданию условий для их адаптации к брачно-семейным отношениям.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота