Ада Лавлейс Бэббидж машинасына арналған алғашқы про
грамма құрастырды. Оны әлемдегі алғашқы программалаушы
деуге болады.
XIX ғасырдың соңында америкалық инженер Герман Хол
лерит есепші-перфорациялық машина құрастырды.
1936 жылы Алан Тьюринг абстрактілі есептеу машинасын
ұсынып, заманауи информатиканың дамуына өз үлесін қосты.
Бұл есептеу машинасы «Тьюринг машинасы» деп аталды.
1941 жылы Конрат Цузе программамен басқарылатын есеп
теу техникасын ойлап тапты. Бұл машина «Z3» деп аталды.
1944 жылы Гарвард университетінің математигі Говард
Айкен Чарльз Бэббидж жобасы негізінде программамен басқа
рылатын «Марк-1» автоматты есептеу машинасын құрастырды.
1936, 1941, 1944 жылдары құрастырылған есептеу маши
налары электронды есептеу машиналарына жатпайды. Себебі
олардың жұмыс істеу принциптері механикалық жүйеге негіз
делген.