Сыр өңірі – белгілі бір дәстүрдің ғана жеке дамыған жері емес, тоғыз жолдың торабы, сан түрлі тарихи оқиғалар мен көзқарастар бір мүддеге тоғысқан өлке. Сол себепті өңірде өмір сүрген жырау, жыршы, ақын, күйші, әнші, сал – серілер шығармашылығы әлем әдебиетінде сирек кездесетін құбылыс ретінде өзіндік сипаты басым өнер түрі есебінде айрықша назар аударады. Сыр елінде өмір сүріп, аты үш жүзге мәлім болған ақын – жырауларымыз ұрпақ тәрбиесіне, инабаттылық пен ой – өрісінің дамуына, эстетикалық талғам биігінен көрінуін басты назарда ұстаған.Мысалыға, атақты Ешнияз сал, Жиенбай Дүзбенбетов, Сәрсенбай Бөртебаев, Тұрымбет Салқынбаев, Тасберген Құлманов, Шегебай Бектасұлы, Рүстембек Жиенбаев, Дайырдың Оңғары, Молдахмет Дабылов, Жүсіп, Ібаш, Дүйсен, Мұзарап, Үбісұлтан, Әкімгерей, Көшеней тағы басқа да есімі елге кеңінен танылған жыршы-жыраулардың туған, өмір сүрген жері Сыр бойы, Қасиетті Қармақшы жері.
Талай ақын, шешен бабаларымды бұлбұлша сайратқан, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір тілімнің осынау уақытқа дейін тұншығып, қадір-қасиетінен айырылуға шақ қалғанда, қазақтардың көзі ашылып, қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деп жариялады. Алайда, мәселе мұнымен біткен жоқ еді. Бойында не рухы жоқ, не қорқақ, не қара бас қамын ойлайтын «маған бәрібір» дейтіндер көбейді. Міне, сондықтан да өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Қазақ тілін алғаш қолданыста бәзбіреулер араб пен парсыны, одан кейін ноғайды былдырлатып, орысты араластырып тілді құртуға шақ қалғанда, аға-буын бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп суалған тілімізді тірілді