Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.[1]
Юстиниан І (Justіnіanos І) (482/83, Таурисий, Жоғары Солтүстік Македония – 14.11.565, Константинополь) – Византия императоры (527 – 565). Шаруа отбасынан шыққан. Өзінің үлкен ағасы император Юстин І-нің (518 – 527) көмегімен император сарайына жақын болып, мемлекеттік істерге үлкен ықпал етті. Таққа отырған соң империяның бұрынғы шекараларын қайта қалпына келтіруге тырысты. Жер иеленушілер мен құлиеленушілерге сүйенді, православие дінінен қолдау іздеп, сенаторлардың қарсылығын шектеуге тырысты. Мемлекеттік саясатта императордың әйелі Феодора үлкен рөл атқарды. Юстиниан І кезінде рим құқықтары толықтай қалпына келтіріліп, заң шығарушылық қызмет императордың шексіз билігін орнатуға, құл иеленушілікті нығайтуға бағытталды. Оның 536 – 538 ж. жүргізген реформалары мемлекетті орталықтандыруға жағдай жасады. Әкімшілік округтер үлкейтіліп, мемлекеттік аппарат пен армия күшейтілді. Қолөнер мен саудаға мемлекет бақылауы қойылды. Юстиниан І-нің кезінде салықтар көбейіп, еретиктер қатаң қудаланды. Ол алып құрылыстар жүргізуге (варварлардың баса-көктеп кіруінен қорғану үшін әскери бекіністер, қалалар, сарайлар мен ғибадатханалар салуға) үнемі қолдау жасап отырды. Кең көлемді жаулап алу саясатын жүргізді: варварлар басып алған Батыс Рим империясының жерлері (533 – 534 ж. Солтүстік Африка, Сардиния, Карсика, 535 – 555 ж. – Апеннин түбегі мен Сицилия, 554 ж. – Пиреней түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігі) қайтадан тартып алынып, бұл жерлердегі құлиеленушілік тәртіптер қалпына келтірілді. Шығыста Иранмен (527 – 532, 540 – 561), солтүстікте славяндармен соғыс жүргізілді. Византияға қосылған жерлерде император билігіне қарсы жиі-жиі халық көтерілістері болып тұрды. [1]