Медуза — ішекқуыстылардың еркін жүзіп тіршілік ететін дарабастары.Көбіне теңізде жүзіп жүреді, кейбір түрлері су түбіне бекініп тіршілік етеді. Денесі көлденеңінен 2 — 3 миллметрден 40 сантиметрге дейін, қолшатыр немесе қоңырау пішінді. Қоңыраулы медуза су түбінде уақытының жартысын өткізіп, сол жерде тіршілік ететін бентекикалық (су түбінде тіршілік ететін) ағзалармен қоректенеді. Медуза қоңырауының диаметрі 10-см-ге дейін өседі және мыңдаған әдемі ақ қармауышпен қоршалады. Сыртқы төбешік бөлігін — эксумбрелла, ішкі ойығын — субум-брелла деп атайды. Медузаның құрылысының ерекшелігі — олардың қаңқасы болмайды. Бірақ сүйеніш тақташаның орнында қалың қабаты, аралық зат — мезоглея болады. Медузалардың жалпы салмағының 98 пайызы судан тұрады. Шатырының жиегінде сезім мүшелері дамиды және қармалауыштары (ұзындығы 30 метрдей) орналасқан, ол шатырдың жиегін жиырып, Медузаның жүзуіне көмектеседі. Ауыз сабақшасының ұшында орналасқан ауыз тесігі жұтқыншақ арқылы қарынымен жалғасады. Қорытылмаған қорек ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жүйке сабақшалары өзара жалғасып, біртұтас жүйке сақинасын түзеді. Көзшелерінің құрылысы қарапайым жынысты. Жыныс бездері қарынының маңында немесе одан шығатын радиалды өзектердің астында, кейде ауыз сабақшасында орналасады. Жұмыртқалы медуза- Монтерей шығанағында табылған үлкен медуза түрлерінің бірі. Қанды қарын медузаның қызыл құрсағы оның қорегінен био-люминесценциялық жарықты жасыруға көмектеседі. Жазда көк медузалар тобы тобы балық аулауға кедергі жасап, Солтүстік Австралияның жағалық сызығынан асып кетеді. Медузалар тұқымдастығына адам өміріне қауіпті уы бар теңіз арасы да жатады.Медузалардың кейбір түрі медузаларды жейді.Ал кейбіреулері өз көлемінің жартысындай қорегін асқазанына сыйғыза алады. Ас табақ медузасы тапқан тамағын қармалауыштарынан асқазанға өткізу үшін екі сағаттай уақытын кетіруі мүмкін.