Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады.
Ит мұрнының негізін құрайтын шеміршек жақсы жетілген . Ол тұмсық сүйектің жоғарғы жағынан сәл шығып тұрады . Осының нәтижесінде мұрын қозғалмалы болып келеді . Мұрын тесіктерінің айналасында пигменттелген қаңсар болады . Оның орта тұсында қаңсар сайы жатады . Мұрын тесігінің пішіні дөңгелектеніп келген . Танаудың дорсальды қабырғасының негізін дорсальды бүйірлік мұрын шеміршегі вентральды қабырғасын латеральды қосымша шеміршек түзеді . Мұрын қуысының қабырғасында ұзынша танау қатпарларымен қатар , Қиғаш параллельді қатпарлар